Жаңалықтар

Париж орталығында шомылуға рұқсат беріледі

Париж орталығында шомылуға рұқсат беріледі
Фото: © Reuters 04.05.2023 08:20 728

2024 жылғы Олимпиада ойындарына қарай Париждегі Сена өзенінде шомылуға рұқсат беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қарай қала орталығындағы Сена өзенінде жүзу орындары пайда болады. Бұл туралы Франция астанасы билігінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Bloomberg хабарлады.

Дегенмен тиісті рұқсат берілуі үшін өзен жеткілікті деңгейде таза болуы керек.

Ал 2025 жылдан бастап шомылатын орындар саны арта бермек. Арнайы алаңдар қала орталығында, өзеннің оң жағалауында орналасады. Елорданың өзге бөліктерінде де ондаған шомылу орны пайда болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға