Жаңалықтар

«Өзінен басқаның бәрін ақымақ көреді». Нүкенованың Бишімбаев туралы хат жазған

«Өзінен басқаның бәрін ақымақ көреді». Нүкенованың Бишімбаев туралы хат жазған
Фото: Видеодан кадр 17.04.2024 16:50 1640

Астанада әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты іске Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина екінші рет куәлік етуге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотта Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаты оқылды.

Кейде мен өзім оны түсінбей кетемін. Бірақ онымен бірге өмір сүре алмаймын. Жалғыз қалғым келеді. Бұл емделмейтін нәрсе. Бұл адамдарды емдеу мүмкін емес. Олар психологқа өздерінің жақсы, басқалардың ақымақ екенін айтуға барады. Екінші рет кетсем қайтып келуге болмайды. Ол психотерапевтке де барды. Алматыға психолог үшін бардық. Тайландтан келген мәскеулік психологқа 2 айға 10 мың доллар төледі. Бірақ нәтиже жоқ. Олар өзгермейді. Ол маған ұйқы бермейді. Өзі де түнімен ұйықтамайды. Менен бірнәрселерді сұрай береді, айқайлайды, жынданады. «Мен 2 тәулік ұйықтамадым» десем маған айқайлайды, - деп жазған Салтанат Нүкенова.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары сотта Мәскеу қаласындағы "Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің" ресейлік сот-медициналық сарапшыларының қорытындысын баяндаған. Судья Айжан Құлбаева ресейлік сот сарапшыларының қорытындысы қабылданбайтынын мәлім етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға