Жаңалықтар

Өзгерістер міндетті түрде болады – Тоқаев

Қасым Жомарт Тоқаев ҚР Президенттігіне үміткерлер мен сайлаудан кейінгі кадрлық өзгерістерге қатысты пікір білдірді
Өзгерістер міндетті түрде болады – Тоқаев
Фото: Ақорда 20.11.2022 13:51 1117

Мемлекет басшысы ҚР Президенттігіне үміткерлер туралы және сайлаудан кейінгі кадрлық өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Біріншіден, басқа үміткерлерді жақсы білмедім. Бірақ олардың науқанына қарағанда еліміздің өте лайықты азаматтары, білімді әрі тәжірибелі. Сондықтан келешекте еліміз үшін пайдалы, тиімді қызмет ететініне ешқандай күмәнім жоқ, деді президент.

Ол сайлаудан кейін кадрлық өзгерістер болатындығын айтты.

«Үкімет отставкаға кетпейді. Себебі заң бойынша мәжіліс сайлаудан кейін үкімет отставкаға кету керек. Бірақ, дегенмен кейбір өзгерістер үкімет болсын, тағы басқа мекемелер болсын, міндетті түрде болады» деп жауап берді Қасым Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға