Жаңалықтар

Өткен тәулікте 33 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 33 адамнан коронавирус анықталды
Фото: El.kz 27.02.2023 09:56 552

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

27 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 723 адам коронавирус инфекциясынан (–1 563+ және 160 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 1 616 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Осыған дейін, 26 ақпандағы мәлімет бойынша 1 726 адам коронавирус инфекциясынан (–1 562+ және 164 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 1 619 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға