Жаңалықтар

Отандық киноматографияны дамытуға арналған тұжырымдама дайындалды

Отандық кино
14.09.2016 10:03 3315

Астанада «Қазақстан Республикасындағы киноматографияны 2050 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасының жобасын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отандық киноматографияны дамытуға арналған тұжырымдама дайындалды  

Осыған дейін Алматы мен Мәскеу қалаларында өткізілген іс-шараға ҚР мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, кинорежиссер Тимур Бекмамбетов, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков және отандық киноиндустрияға қатысы бар азаматтар қатысты.

Отандық киноматографияны дамытуға арналған тұжырымдама дайындалды

Тұжырымдаманы дайындаған мамандардың айтуынша — аталған құжат қазақстандық киноматографиясының ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Бұл қадам мемлекеттік органдар, киноматография саласындағы ұйымдар арасындағы үйлестіруші тетік болмақ.

Отандық киноматографияны дамытуға арналған тұжырымдама дайындалды

Тимур Бекмамбетов, режиссер, сценарист, продюсер:

— Жалпы киноматография саласында туындап отырған қиындықтар Қазақстанда ғана емес, Ресейге де тән. Бұл ретте бүгінгі ұсынылып отырған тұжырымдама өте орынды дайындалғанын атап кеткен жөн. Менің жеке ұсынысыма келер болсақ, қазіргі таңда отандық киноның кинотеатрлардағы бағасын төмендету қажет. Немесе белгілі бір мөлшерде абонемент жүйесін енгізген жөн. Өйткені голливудтің миллиардтаған қаражатқа түсірген туындысымен, одан біршама аз ақша жұмсалған отандық киноның билет ақысы бір болуы дұрыс емес. Қазіргі кезде Қазақстанда кинотеатрларда билет құны 900 теңгенің айналасында. Барлығына бірдей қолжетімді баға деп айту қиын. Егер сатылымдағы билеттің бағасы арзан болса, біз мүлдем басқа аудиторияны көреміз. Сәйкесінше аудитория өзгерсе, киноматография да өзгеретіні белгілі.  

Отандық киноматографияны дамытуға арналған тұжырымдама дайындалды

Дөңгелек үстел барысында мамандар Қазақстанда кино туралы заңның қажеттілігін атап өтті. Ал атақты кинотанушы Нөгербек Бауыржан елімізде балалар киносына, анимация саласына да үлкен мән беру керектігін ескертті.  

Аталмыш іс-шара отандық кино-өндірістің даму жолдарының ең жақсы бағыттарын құруға бағытталған. Сондай-ақ, жиын барысында кино өнерінің дамуын қолдау, жоғары сапалы кинотуындылар түсіру, кинотеатр желілерін көбейту және жетілдіру, кино саласындағы білім берудің және зерттеулік қызметтің сапасын арттыру мәселелері көтерілді. 


Рустем ӘЛПИ 

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға