Өскеменге бара жатқан моңғолиялық 11 бала мен 2 ересек адам эвакуацияланды
15.02.2024 08:05
Фото:
Видеодан кадр
Абай облысында Моңғолияның 13 азаматы эвакуацияланды. Олардың 11-і балалар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушыларға 14 ақпан сағат 17:10-да Қалбатау ауылынан шығаберісте спортшылары бар Газель тоқтап қалғаны туралы хабар келіп түскен. Автокөлікті жылыту пунктіне жеткізу үшін құтқарушылардың көмегі қажет болған.
ТЖМ мәліметінше, олардың барлығы Өскемен қаласына бара жатқан Моңғолияның азаматтары.
Шақыру орнына келгеннен кейін Жарма ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Қайрат Тілеуғазин және бас маман Дидар Зейнолдин спортшыларды Жаңаөзенге дейін ертіп, жылыту пунктіне орналастырды.
Оқи отырыңыз:
- Ақтөбе облысында полицейлер қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарды
- Қызылордада жасөспірімдер мұз үстінен құлап кетті
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

