Жаңалықтар

Өскеменде жас жігіттер ер адамды ұрып кеткен

Өскеменде жас жігіттер ер адамды ұрып кеткен
Фото: © Polisia.kz 24.07.2023 12:08 884

ШҚО-да бұзақылар бақылау камераларының көмегімен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 9 шілде Өскемен қаласының полициясына қала тұрғыны дәмханалардың бірінің маңында бірнеше белгісіз адамның дене жарақатын салғанын айтып, арызданған.

Оқи отырыңыз:

Полиция қызметкерлері ЖБО операторларымен 1996, 1992 және 1996 жылдары туған үш күдіктіні анықтады, біраз уақыттан кейін ұсталды. Олар өз кінәсін мойындады. Ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды, - делінген мәліметте.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға