Жаңалықтар

Өскеменде дәмханадан өрт шығып 55 адам құтқарылды

Өскеменде дәмханадан өрт шығып 55 адам құтқарылды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі 02.07.2023 10:11 612

Бүгін таңда Өскемен қаласындағы 5 қабатты үйде өрт болып, 55 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2 шілде күні таңғы сағат 5.23-те Өскемен қаласында Қазақстан көшесінде 5 қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханадан өрт шықты. Қою қара түтін бүкіл ауданды басып калған. Келген өрт сөндірушілер дереу тұрғындарды эвакуациялауға кірісті, адамдарды баспалдақпен шығарды. Сыртқа шығарылған адамдары 55 адамға жеткен, оның ішінде 10 бала бар екені де анықталды.

Эвакуациямен бір мезгілде өрт сөндірушілер өртке оранған дәмхананы сөндіріп, 6.19-да 120 ш. м. алаңда өртті сөндірді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды сөндіруге ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 28 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды. Апаттың себебі бойынша өртті абайсыз пайдалану және қасақана өртеу болжамдары пысықталуда, - деді ШҚО ТЖД мамандары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға