Жаңалықтар

Өскемен тұрғынына тыйым салынған діни кітаптарды сақтағаны үшін айыппұл салынды

Өскемен тұрғынына тыйым салынған діни кітаптарды сақтағаны үшін айыппұл салынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 23.07.2023 18:27 454

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тексеру кезінде ер адамнан бірқатар діни сипаты бар дүниелер табылған. Соған сәйкес оған, 200 мыңнан астам теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Ер адамның ұялы телефонынан діни сипаттағы аудиоқосымша да табылды. Айыпталушы ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігімен (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған, бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) кінәлі деп танылды. Тәртіп бұзушыға 241 500 теңге айыппұл салынды, - деп жазылған сот хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға