Жаңалықтар

ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады
Фото: election.gov.kz 20.03.2023 19:17 972

Орталық сайлау комиссиясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың парламент мәжілісі депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары сайлау нәтижелері туралы хаттамалардың электрондық көшірмелерін ұсынды. Барлығы 10 223 учаске бойынша алдын ала нәтиже шықты.

«Amanat» партиясы 3 431 510 адам (53,90%)

«Ақ жол» партиясы 535 139 адам (8,41%)

«Ауыл» партиясы 693 938 адам (10,90%)

«Байтақ» жасылдар партиясы 146 431 адам (2,30%)

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 331 058 адам
(5,20%)

Қазақстан халық партиясы 432 920 адам (6,80%)

«Respublica» партиясы 547 154 адам (8,59%)

Бәріне қарсымын - 3,90%.

ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға