Жаңалықтар

Орта жастағылар үшін ашылған мектеп жалғызбастылық мәселесін шешуге көмектеседі

Ақмола облыстық немістер қоғамында 1995 жылдан бері Әлеуметтік-медициналық көмек станциясы жобасы жұмыс істейді.
28.01.2015 10:44 3974

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың саясатымен қалыптасқан этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі бүгінгі таңда бүкіл әлемге үлгі болып табылады. 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында елімізде барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалған. Солардың бірі Ақмола облыстың «Видергебурт» немістер қоғамы.

Орта жастағылар үшін ашылған мектеп жалғызбастылық мәселесін шешуге көмектеседі

Ақмола облыстық немістер қоғамында 1995 жылдан бері Әлеуметтік-медициналық көмек станциясы жобасы жұмыс істейді. Осы жоба бойынша неміс ұлтының және белгілі бір пайыз мөлшерінде өзге этностардың өкілдеріне, соның ішінде саяси репрессия құрбандары, мүгедектер, еңбек ардагерлері, көп балалы отбасылар және жалғысбастыларға ыстық тамақ, азық-түлік және тегін медициналық көмек түрінде түрлі көмектер көрсетіледі. Есепке алынғандардың саны 3000-нан асады. Оның негізгі бөлігін егде жастағы адамдар (жалғысбаты), күтімді қажет ететін ауру жандар құрайды.

Орта жастағылар үшін ашылған мектеп жалғызбастылық мәселесін шешуге көмектеседі

Әлеуметтік-медициналық көмек станциясында (станция) штаттық дәрігер мен әлеуметтік жұмыстар бойынша үйлестіруші жұмыс істейді. Дәрігер үнемі медициналық консультациялар жасап тұрады, аурухана, қажет болған жағдайда стационарға, арнайы интернаттарға орналасуға көмектеседі, ем түрін және дәрі-дәрмек жазып береді. Әлеуметтік жұмыскер күн сайын психолог пен медбике қызметтерін атқарып, волотерлерді тарту арқылы түрлі жағдайларда көмек көрсетіп жатады. Ауыр жағдайларда станция мемлекеттік органдарға хабарласып, өзіне тапсырылған адамдардың тағдырына жауапкершілікті өізне алады.

Орта жастағылар үшін ашылған мектеп жалғызбастылық мәселесін шешуге көмектеседі

«Азық-түлікпен қамтамасыз ету» акциясы біздің қамқорлығымыздағы жандар арасында ең танымалы. Сондай-ақ, егде адамдарды емделу үшін санаторийлерге жіберу де маңызды шаралардың бірі, өйткені осы жерде жоба қатысушылары емделу барысында орыс тілінде ғана емес, ана тілінде де қарым-қатынастар жасай алады.

Орта жастағылар үшін ашылған мектеп жалғызбастылық мәселесін шешуге көмектеседі

«Орта жастағылар мектебі» де жоғарыда аталған акциялардан қалыспайды. Біздің қамқорлығымыздағы жандар түрлі профилдегі дәрігерлердің лекцияларына асқан қызығушлық танытып жатыр. Одан бөлек бұл жоба жалғызбастылық мәселесін шешуге көп көмек. Мектепке келушілер шығармашылық әлеуетін пайдаға асыруға, егде жастағы адамдарды қоғамдық өмірге тартуға жақсы мүмкіндік береді.

Орта жастағылар үшін ашылған мектеп жалғызбастылық мәселесін шешуге көмектеседі

Орта жастағылар үшін ашылған мектеп жалғызбастылық мәселесін шешуге көмектеседі

Этномәдени ұйымның басты бағдарларының бірі ана тілін, мемлекеттік тілді және ағылшын тілдерін үйрету. Ақмола облыстық «Видергебурт» немістер қоғамы Германия үкіметінің қаржылай қолдауымен жиырма жылдан бері балаларға және ересек адамдарға неміс тілін үйрету курстарын ұйымдастырып тұрады. Курс жыл бойы үздіксіз жүріп тұрады, оған неміс тілін енді бастағандар да оқып жүргендер де қатыса алатындай жағдай жасалған. Неміс қоғамының тілді таратуға бағытталған жұмыстары ерекше маңызға ие болғандықтан, курстарды жүргізетін ұстаздар Қазақстанда ғана емес, Ресей мен Германияда да біліктілік арттыру курстарынан өтіп тұрады.

Орта жастағылар үшін ашылған мектеп жалғызбастылық мәселесін шешуге көмектеседі

Биылдан бастап интенсивті курстар екі деңгейлік режимде жұмыс істейді: бастауыш сыныптары және жалғастырушыларға арналған сыныптар. Бастауыш сыныптарында лексика мен грамматиканы тереңдетіп оқуға көңіл бөлінген. Жалғастырушылар сыныбында оқылған тақырып бойынша өз ойын жеткізу және өзара сұхбаттар жүргізуге назар аударылған. Әр ұлттың мәдениеті мен тілін дамытуға мүмкіндік берілген этносаралық достық институтының маңызы ерекше.

Айта кету керек, 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланғаннан кейін ҚХА жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Комиисия 2015 жылға арналған мерейтойлық іс-шараларды жүзеге асыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы  жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асырумен айналысатын болады.


Материалды әзірлеген - Қаламқас НҰРМАҚОВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға