Жаңалықтар

Өрт сөндірушілер май қалдықтарының жануын сөндірді

Өрт сөндірушілер май қалдықтарының жануын сөндірді
Фото: gov.kz 20.01.2023 12:04 741

Кеше сағат 15:19-да Атырау қаласы, З.Қабдолов көшесі мекенжайындағы мекемелердің бірінде орналасқан резервуарлар жанында түтін шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң «Petro Export» ЖШС-нің ауласында (әрқайсысы 400 текше метр) 2 резервуарда және шамамен 64 шаршы метр көлеміндегі жапсарлас бөлігінде май қалдықтарының жанғанын анықтады.
Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС барлығы 19 қызметкер мен 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 16:38-де оқшауланып, сағат 17:41-де сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға