Жаңалықтар

Оралда ұлттық киімдер фестивалі өтті

Оралда ұлттық киімдер фестивалі өтті
11.09.2019 10:35 2476

Қала күні мерекесіне орай Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы алаңда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оралда ұлттық киімдер фестивалі өтті

Жайнаған жасыл шаһардың айтулы күнін тойлауға жиналған жұртшылықты Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.

Оралда ұлттық киімдер фестивалі өтті

«Баршамыз үшін қымбатты қаламыздың туған күнін тойлау – елдегі экономикалық тұрақтылықтың айқын көрсеткіші. Әрбір батысқазақстандықтың өңірімізді гүлдендіруге қосқан үлесі өлшеусіз. Өлкемізді мекен еткен түрлі этнос өкілдерінің достық қарым-қатынасы мен берекелі бірлігінің арқасында бір-біріміздің тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтап келеміз. Осы арқылы әр бастамамыз сәтті жүзеге асып, облысымыз бен жалпы еліміздің қарқынды дамуына жол ашылуда», – деді А. Шыныбеков.

Оралда ұлттық киімдер фестивалі өтті

Бірнеше күн бұрын салтанатты түрде ашылған «Ақжайық этноауылындағы» ақ шаңқан киіз үйлер маңы ән мен күйге бөленіп, Достық үйінің алдында қолөнер шеберлерінің сан түрлі туындысы топтасқан ауқымды көрме ұйымдастырылды.

Оралда ұлттық киімдер фестивалі өтті

Қала тұрғындары мен қонақтары алғаш рет өткізілген ұлттық киімдер фестивалін, әр ұлттың ойындары мен ән-биін тамашалап, қаладағы этномәдени бірлестіктер әзірлеген мерекелік дастарқанға қойылған түрлі этностың тағамдарынан дәм татты.

Оралда ұлттық киімдер фестивалі өтті

Қазақстан халқы ассамблеясы Батыс Қазақстан облысының филиалы ұйымдастырған көрмеге өңірдегі 16 этномәдени бірлестік атсалысты. Көрме соңы облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктер әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Оралда ұлттық киімдер фестивалі өтті 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға