Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігі Microsoft компаниясымен меморандумға қол қойды

Министрлік компаниямен бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырамыз деп отыр
Оқу-ағарту министрлігі Microsoft компаниясымен меморандумға қол қойды
Фото: egemen.kz 07.12.2022 03:44 1190

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Microsoft компаниясының өкілдерімен кездесіп, цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жасаған сапарында Microsoft корпорациясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен кездескен болатын. Сол кезде тараптар компанияның Қазақстандағы қатысуын кеңейту перспективаларын талқылады. Ал бүгін осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде компания өкілдерімен бірден бірнеше келісімге келістік. Инклюзивті білім беру бағытындағы бірлескен жұмысты нығайтамыз, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ Microsoft-пен қазақстандық мектептердің «Office 365 Education» цифрлы платформасын пайдалануы туралы келісім жасалды. Microsoft сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне STEM-ді сабақта қолдану бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, мектептің информатика бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар жасайды.

Аймағамбетов министрлік меморандумға қол қоймас бұрын да педагогтердің біліктілігін арттыру және сертификаттау бойынша Microsoft корпорациясымен бірлесіп жұмыс істегенін атап өтті. Мысалы, «Майкрософт Педагог», «Майкрософт педагог-сарапшы» бағдарламасы бойынша қазақстандық мұғалімдер Венгрияда, Канадада, Сингапурда, АҚШ-та және басқа елдерде өткен мұғалімдерге арналған «Educator Exchange» халықаралық форумына қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға