Жаңалықтар

«Өлтіремін және өлемін». Дикий Арман судьяны қорқытты

«Өлтіремін және өлемін». Дикий Арман судьяны қорқытты
Фото: instagram.com/armandzhumageldiev 15.02.2024 12:24 17470

Қаңтар оқиғасына қатысты қамауға алынған Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) сот отырысы кезінде судьяны балағаттап, қорқытқан видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сен заң бойынша сөйле, мен өз дінім үшін өлтіремін және өзім де өлемін, – дейді видеодағы Жұмагелдиев.

Ол кез келген адамды өлтіруден тайынбайтынын айтқан.

Кімде-кім менің дініме қол тигізсе... Мен дінім үшін кез келген адамды өлтіремін. Менің дініме ешқашан қол тигізбе. Дінім үшін өлемін де, өлтіремін де. Мені түсінесің бе, шайтан?! – деп айғайлайды Арман Жұмагелдиев.

Айта кетейік, «Дикий Арман» 2022 жылғы 7 қаңтарда ұсталған. Ол қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыпталды. Бас прокуратура оны сол оқиғалар кезінде адам ұрлап, ұрып-соқты деп күдіктенгенін хабарлады. Салдарынан бір адам қайтыс болды. Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Дикий Арманның ісіне куәгер ретінде шақырылған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға