Жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Месси мен Роналдудың арасында өз таңдауын жасады

Олимпиада чемпионы Месси мен Роналдудың арасында өз таңдауын жасады
Фото: instagram.com/leomessi / instagram.com/cristiano 04.05.2023 07:16 800

Британиялық теннисші және екі дүркін Олимпиада чемпионы Энди Маррей «Лионель Месси әлде Криштиану Роналду?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Танымал теннисші басымдықты Мессиге беруді жөн көрген.

Месси немесе Роналду? Месси. Неге ол дейсіз бе? Жақсы сұрақ. Менің ойымша, әлем чемпионатынан кейін мен Мессиді таңдауым керек, - деді Маррей Atptennis Radio подкастында.

35 жастағы Лионель Месси 2021 жылдан бастап француздың «Пари Сен-Жермен» клубында өнер көрсетеді. Қазіргі таңда Месси өзіне жаңа клуб іздеп жүр.

Ал 38 жастағы Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының намысын қорғайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға