Жаңалықтар

«Өлімін жаңалықтардан естідік». Айтбек Амангелді оқиға болған күнгі жағдайды баяндады

«Өлімін жаңалықтардан естідік». Айтбек Амангелді оқиға болған күнгі жағдайды баяндады
Фото: Видеодан кадр 29.03.2024 12:14 415

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасы Салтанат Нүкенованың отбасылық өмірі мен қайтыс болған күнгі оқиғаларды баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы рет 8-нен 9 қарашаға қараған түні 00:40-та қоңырау шалды. «Үйдесің ба? Мен Қуандықтан кетемін, шаршадым», - деп айтты. Оны күтіп, 20 минуттан соң жаздым, хабарластым. Бірақ телефонын көтермеді. Геолокациясын тексергенде Гастрорталықта екені белгілі болды. Таңертең ұйқыдан тұра сала қайда екенін сұрап, жаздым. Бірақ мен жіберген хатты түскі уақытта оқыды. Кешірек жауап беретін шығар деп ойлап, үйге қайттым, - дейді Айтбек Амангелді.

Ал қарындасының қайтыс болғанын өзгелерден естіген.

Кешкі сағат 8-9дарда тамақтануға отырғанымда, Салтанаттың құрбысы хабарласты. Ол «Бұл шын ба?» деп сұрай берді. Кейін маған «Қуандық Бишімбаев Салтанатты Бау ресторанында өлтірді» деген ақпаратты жіберді. Мен бұл жалған ақпарат деп, бірден олардың үйіне бардым. Бірақ үйлерінде ешкім болмады. Содан 102-ге хабарласып, қарындасым туралы сұрадым. Олар бұл ақпаратты растап, көңіл айтып, Гастроцентрге баруымды өтінді. Осы кезде әкем хабарласты. Олар да жаңалықтан көрген. Оқиға болған жерге барғанымда қаптаған журналистер, полиция өкілдерін көрдім. Тергеуші криминалистер жұмыс істеп жатқанын айтып, мені өткізбеді. Тергеуші Салтанаттың қайтыс болғанын растады. Осыдан кейін мен әкеме хабарластым. «Иә, әке, бұл шындық. Салтанатты Қуандық өлтіріпті», - дедім. Ар жақтан анам естіп, шыңғырып жатты. Салтанатпен соңғы рет сөйлескенімде оның дауысы өте аянышты естілді. Жылап тұрғандай болды, - дейді Айтбек Амангелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға