Жаңалықтар

Қол ишараларының сіз білмейтін мағыналары

Шетелдік адамдарды абайсызда ренжітіп алғыңыз келмесе төмендегі мақалаға көз салыңыз.
28.11.2014 06:44 8569

Қол ишарасы әлемнің әр мәдениетінде әртүрлі мағына береді. Кей елдерде достасу, бейбітшілік деген мағына беретін ишаралар басқа елдердің мәдениетінде дөрекі түрде екінші адамды жек көретіндігін айту болып есептеледі екен. Шетелдік адамдарды абайсызда ренжітіп алғыңыз келмесе төмендегі  мақалаға көз салыңыз.

Қол ишараларының сіз білмейтін мағыналары

Бас бармақты жоғары көтеру (Лайк) ишарасын Таяу Шығыс елдерінде, Латын Америкасында, Батыс Африкада, Ауғанстанда көрсету өте дөрекі болып есептеледі. Бұл ишара ол елдерде сөйлесіп тұрған адамыңызға «жоғал» деп айтудың балама түрі екен.


Қол ишараларының сіз білмейтін мағыналарыГрекияда алақанның іш бетін адамға көрсету бетіңе алақаныммен нәжіс жақтым деген мағына екен. «Моутза» деп аталатын бұл ишараның тарихы сонау Византия кезінен басталады. Ол кездері қылмыс жасаған адамды сотқа апарар жолда оны атқа теріс айналдырып отырғызып, басын қара қаппен жапқан екен, жолы болса. Жолы болмаса оның бетіне қаптың орнына адамдардың «қалдықтарын» жағатын болған екен. «Моутза» содан бері – бетіне нәжіс жағу деген мағынаны қалыптастырып қалған.   


Қол ишараларының сіз білмейтін мағыналарыШығыс Азия елдерінде және Қытайда, қонаққа берілген тамақты тап-тұйнақтай ыдысты тазалап жеп қою әдепсіздік саналады. Себебі, Тайланд және Филиппин секілді экономикалық жағдайы ежелден мәз емес елдерде азық-түлік  тапшы. Сондықтан адамдар тамақты үнемдеп жеуге үйренген. Егер келген қонақ ұсынылған тамақтың барлығын жеп қойса – үй иесіне «Бар берген тамағың осы ма? Қарным тоймады» деген мән береді. Сол себепті, Шығыс Азияда жергілікті адамның үйіне қонақ боп барсаңыз, бір жапырақ ет болса да ыдысыңызда қалғаны жөн.


Қол ишараларының сіз білмейтін мағыналарыШри-Ланка, Африка және Таяу Шығыс елдерінде қандай зат болмасын, оң қолмен істелуі керек. мысалы, қатты сыйлайтын адамыңызызға сыйлықты сол қолмен берсеңіз, «мына затты ал да кет, сені жек көрем!» деген мағынаны білдіреді. Негізі, әлемнің 

көп елдерінде, әсіресе Оңтүстік Азия елдерінде дәретхана қағазы қол жетімді емес заттардың бірі. Сол себепті, сол қолмен жасалған заттың барлығы «таза емес» болып есептеледі. Одан басқа тағы бір себеп, Құранда Ібіліс солақай болып көрсетілген. Өзіңіз білетіндей, Африка елдерінің біразы және Индия сияқты Оңтүстік Азия елдерінің  дені мұсылман.

Әлемге «бәрі жақсы» деген мағынамен  белгілі «ОК» ишараты Бразилияда тіпті басқа мағынада қолданылады екен. Егер Бразилияда «ОК»-ді сәл қисайтып көрсетсеңіз сөйлесіп тұрған адамыңызды «алысқа аттандырып» жібересіз. 1950 жылдары АҚШ-тың сол кездегі президенті Ричард Никсон осы Латын Америка еліне келгенінде қоймастан «ОК» ишаратын ұшақтан түсіп, кеткенге дейін қайта-қайта көрсетіп, бразилиялықтарды біраз жерге «апарып тастаған» екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға