Жаңалықтар

Нұрлан молда болмағанда, «криминальный авторитет» болып кетер ме еді – Нұрлан имамның досы

Нұрлан молда болмағанда, «криминальный авторитет» болып кетер ме еді – Нұрлан имамның досы
Фото: Видеодан алынған кадр 18.07.2023 13:33 3824

Нұрлан имам бала кезінде алғыр да білімді, бірақ төбелеске жақын болыпты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы «Ең алғашқы...» бағдарламасында Нұрлан Байжігітұлының жақындары мен достары айтып берді.

Имамның бала кездегі досы Қадыржан Молдашевтің сөзіне қарағанда, Нұрлан Байжігітұлы мектепке кітаптың орнына алма мен алмұрт қана алып келеді екен. Сөйте тұра сабағын жақсы оқыған.

Бұзық болатын, сөйлегенде алдына жан салмайтын. Мұғалім тақтаға шығарса, тоқтамай жауап беретін. Мұғалімдер «5» қойдым деп жүріп орнына әрең отырғызатын, - дейді сыныптасы.

Оқи отырыңыз:

Имамның нағашы әпкесі Гүлнұр Қасымалиеваның айтуынша, жиені шынымен де бұзық болған. Тіпті бірде жиналып тұрған шөпті де өртеп жіберіп, өзі қашып кеткен.

Үйде ешкім жоқ. Қарасақ, шөп өртеніп жатыр. Анасы екеуіміз бәрін тастап жанып жатқан шөпті өшіруге тырыстық. Нұрланның өзі қашып кетті, - деп еске алды ол.

Сыныптастары Нұрлан Байжігітұлының спортта да қатарластарынан көш ілгері болғанын алға тартады. Сөйте тұра төбелеске де жақын болыпты.

Қатты төбелесетін. Нағыз ауыратын жерлерді біледі өзі, дәл сол жерлерден ұратын. Бірінші «Атаман» болатын. Спорттан да, тіл мен білім жағынан да мықты болды.

Бірақ 5-6 сыныптарда оны атасы алып кетті. Мұғалімдердің «бұл оқитын бала, қалсын» деп біраз жүгіргені есімізде. Сонда ол кісі: «Жоқ, бұл бала молда болады» деді. Кім біледі. Бәлкім мектепте қалғанда әкім болар ма еді, әлде «криминальный авторитет» болып кетер ме еді, - дейді Қадыржан Молдашев.

Бұған дейін Нұрлан имам 16 жасында Меккеге қалай барғаны туралы айтып берген

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға