Жаңалықтар

Ерейментауға саяхат

Туған жердің киелі нысандары
Ерейментауға саяхат
29.09.2020 14:46 5703

Ерейментауға саяхат

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы ресми басылымдарға шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты фундаменталды мақаласы көзі ашық әр азаматқа терең ой салатын үлкен еңбек. Елбасы айтпақшы, Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі бастау алды.

Мемлееттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, елімізде қандай да себептермен ұмыт қалған рухани жәдігерлерімізді қайта жаңғыртып, саралайтын уақыт келгенін Елбасы анық айтты. Оған қоса Көшбасшы рухани жаңғыру процесс бүгін ғана басталып қоймағанын, ол тәуелсіздік алғалы 30 жыл уақыттың ішінде бірнеше кезеңдерге бөлініп, тап-тинақтай жүргізіліп келе жатқанын баса айтты. 

Естеріңізде болса, сонау 2004 жылы «Мәдени бағдарлама», 2013 жылы «Халық-тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары іске асырылып, мыңдаған тарихи-мәдени есерткіштер мен нысандар солардың шеңберінде қайта жаңғырып, әлемнің ең беделді деген архивтерінен төл тарихымызға тікелей қатысы бар құжаттар жүйеленіп, зерттелді.

Ерейментауға саяхат

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы әрбір қазақстандықтың кіндік қаны тамған туған жеріне, өлкеге деген сүйіспеншілігін артытру мақсатында, оларға насихаттап, дәріптеу мақсатында қолға алынған ауқымды жоба. Сол себепті де, Елбасы өскелең ұрпақтың тарихқа, асыл қазына – мәдени мұрагерлер мен жәдігерлерге жақын болсын деген ниетпен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсныған болатын.

Тұңғыш Президент айтқандай, патриотизмді баулудың ең жақсы үлгісі мектеп қабырғасында туған жердің тарихын оқудан бастау алады. Соңғы 3-4 жыл ішінде жер-жерлерде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көптеген сакралды немесе қасиетті  орындардың тізімі жөңге келтіріліп, жүйеленуде. Ол үшін Елбасы арнайы «қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің геаографиясы» жобасын да ұсынғаны есімізде. Ол іс жақсы жолға қойылып, ел бойынша әрбір облыста, аудандар мен шалғай елді-мекендерде киелі, қасиетті деген мекендер мен тарихи ескерткіштер жөндетіліп, іздеп табылып, қалпына келтірілде бастады. Cjл жерлерді мекен еткен әрбір кқзі ашық азамат біледі. Бірақ жүйеленбей, шашырап, құжат бетіне түспей, обал болып жүрген кездер артта қалды.

Ұды даланың кең байтақ жерінде сақталып қалған тарихи жәдігерлер иесін тауып, тиісті орнын, бағасын алуда. Ондай бастамалар туралы кезінде бірталай айтылды да, жазылды да. Рухани, қастерлі жерлеріміздің антологиясы, біртұтас желісі жасалды. Сайып келгенде, басты мақсат – жай ғана қалаларды сәндеп, көркейту емес, шын мәнінде тарихи ескерткіш жерлердегі рухани құндылықтарымызды өзара сабақтастыра отырып, болашақ ұрпаққа қаз қалпында аманат етіп тапсыру, жеткізу. 

Қолға алынған маңызды іс шаралар ұлтымыздың рухани жұтандауынан аман есен сақтап, ұлттық мақтанышымызға айналды. Еліміздің туын одан ары жоғары биіктетіп, жахандық тұрғыда беделін асыруға септігін тигізуде. Осы қол жеткізген мол табыстарды бұқаралық ақпарат құрал көздері уақытша науқанға айналдырмай, мейлінше үзбей, жан-жақты насихаттауға ат салысып отыруға күш жұмсаулары қажет-ақ. Ал соңында бұл жемісті шаралар Қазақстанның әлемдік деңгейде мәдени туризмді дамытуына себепкер болатынын тағы түсінуіміз қажет. Қолда бар қастерлі мұралар арқылы ғана елімізге шетелдік туристерді тарту мүмкін болатынын естен шығармаған абзал. Яғни, барлық мұраларымыздың, жәдігерлеріміздің жахандану процесінде бәсекелік қабілетінің артуына атсалысуымыз тағы қажет. Мың жылдық тарихы бар Қазақ елі төл мәдениетін әлемнің барлық құрлықтарына паш еткізіп, жария етіп, таныта түсуі – алғышарттардың бірі.

Кей кездері демалыс күндері елдордамыздың маңында қайда барсақ, қайда демалсақ деген сұрақпен рухани азық болатын жерлерді іздей бастайтынымыз бар. Осы орайда мен астанаға тиіп тұрған Ерейментау ауданын айтар едім. Себебі ауданның қазақстандықтарға ұсынатын қасиетті жерлері мен орындары, тирихи ескерткіштері баршылық, керек десеңіз, жетіп артылады. Солардың арасында діни қайраткерлер, батырлар, әулиелер, одан да басқа азамат-тұлғалардың есімдерімен байланысты болған қасиетті жерлер өте көп. Өздеріңізді солардың бірнешеуімен таныстырып өткенді жөн санап отырмын.


Тоқан қазірет Домаұлының  зираты.

Тоқан қазірет Домаұлының  зираты. Ерейментау ауданының Тұмсық елді мекенінде Керегетас деген жерде орналасқан.  Бейіт күмбезінің диаметрі 7,5 м, биіктігі 3,5 м. Бейітінің қабырғалары тастан қаланған, күмбезі тот баспайтын болаттан және латун материалдарынан жасалған. Шеңбердің оң жағында араб тілінде Тоқан қазірет деп жазылған.Сол жағында қазақша Тоқан қазірет деп жазылған. Екі жазудың ортасында «6666» саны тұр. Ол құрандағы аят санын білдіреді./1 сурет/

Ас үй мен қонақ үйдің сыртқы көрінісі. Қонақ үйдің  тақтайшасында мынадай жазу бар: «Раббымыздың жазуымен Тоқмағанбет Домаұлы жұртымыз қасиетті деп танып, зиратына тәуіп етуде. Келген адамдарға арнап осы үйді 1993 жылы, екіншісін- 2010 жылы шөбересі Қайролла Әсетұлы, туыстары, ағайындары салды. Қоршауын немересі Тәсқира Ақажан қалпе қызы қаржыландырды. Алланың рахметі жаусын!».

Ерейментауға саяхат

Аңыз-дерегі:

Тоқан хазірет Домаұлы шамамен 1851 жылдары туып, 1916 жылы қазан айының ішінде дүниеден өтеді. Қабірі Ерейментаудағы Керегетастың Тұмсығында, өз ауылының зиратында жатыр. Тоқанның әкесі кедей шаруа адам болған деседі. Осыдан болар Тоқан Көкшетау жағындағы, Қарауыл ішіндегі нағашыларына барып, сол жақта өседі. Ержеткен соң, Көкшетаудан әрі Қызылжарға барып, сол жердегі бірінші махалла имамы Ахметұлы деген хазіреттен діни сабақ алған екен. Айтушылардың сөзіне қарағанда, ұстазы Ахметұлы хазіреттен оқып жүргенде, өте зейінді шәкірт болған деседі. Ол ескі тәсіл бойынша, Ғақайт дәрежесінде оқыпты, содан ұстазына сұрақтар қойып, қарсы келе беру себебінде, оны медреседен шығарыпты деседі.  Оқудан кеткесін Көкшетау жағында Қарауыл ішінде болып, сосын кейін Ерейментауға келеді де моллалық құрады. Бірақ, тұрақты түрде бала оқытып, медіресе ұстамаған, ел ішін аралап, барған жерінде әнші-күйшілерді жинап, сауық құрғанды ұнататын болған, көрегендік, көріпкелдік қасиеті болған.

Ерейменде болған жиындарда елдегі келеңсіз жағдайларды шариғат жолымен шешуге көмектеседі екен және бір ерекшелігі түн ішінде өзі жатқан бөлмеден маңайға жарық сәуле шашырап тұрады екен. Адамдар Тоқан хазіретпен дидарласу барысында өздерінің бойларында рухани бір жеңілдіктердің пайда болатындығын сезінген. Сондықтан да осы бір ерекше адамның жүзін көріп, сөзін тыңдау, ұлағатын есту үшін ол тоқтаған үйге қалың көпшіліктің топырласа жиналуы әдеттегі көрініске айналған. Бірін бай, бірін жоқ-жітік деп алаламай, маңайындағылардың бәрін тең тұтқан Тоқан Хазірет айтар ойын, ұлағатын көпшілікке ұғынықты етіп жеткізуге ерекше мән берген. Ол Құранға қатаң қағида деп емес, керісінше адамзаттың өмір сүру ортасына дұрыс бағыт-бағдар беретін ғылыми мағынасы тым терең ақиқаттың ақ жолы ретінде қараған. Сондықтан өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу барысында әрдайым Құран сүрелері мен аяттарын алға тартып отырған. Қоғамдық өмірдің бет-әлпетін уақыт талабына және нақтылы жағдайына қарай қалай өзгеріп бара жатқанын да дәл пайымдай әрі көре білген жан. Мысалы, қарапайым халықтың басына ауыр күндер туған 1916жылы ол адамдарды: «Қандай да бір жолдармен және амалдармен жастарды соғыстағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша жарлағын орындауды кешеуілдетуге тырысыңдар, мұның бәрі уақытша жағдай, орынсыз қантөгіс пен адам өліміне соқтырар, тікелей қарсылыққа бармаңдар»,- деп үгіттеп, ақыл-кеңес береді.

Бір жылы Тоқан қазірет Баянауылға түйеге арба жегіп, шариғат айтуға барады. Дәулетті бір байдың үйінде болған отырысқа Тоқан Қазірет дін жөнінде шариғат айтып, көпшілікті риза етеді. Таңертең түйесін арбаға жегіп, кетейін деп тұрғанда Али бай ризашылығын білдіріп, жүген- құрық тимеген шу асау жылқыларды әкеліп, арбаға байлайды да,- мынау сізге деген менің сыйлығым,- дейді. Олай болса жылқыларыңды байлама, босатыңдар, Алла жазған мал болса, өздері де ереді,- депті Тоқан Қазірет.  Тоқан айтқандай әлгі жылқылар соңдарынан еріп бірге кетеді  екен.

Тоқан хазірет Мәшһүр Жүсіппен қатты дос болады. Бір күні оның руласы сүйіндік Секербай деген кісі Мәшекеңнен сұрайды екен- осы Тоқан хазірет соншалық кім екен, оны тіпті аяғын жерге тигізбей, барған жерде аттан кілемге отырғызып үйге кіргізеді?- дегенде Мәшһүр Жүсіп- сендер байқап сөйлеңдер, ауыз-мұрындарың қисайып қалмасын. Тоқан қазіретпен ойнамаңдар. «Мен Мәшһүр Жүсіп медреседен оқып  Мәшһүр қария боп жүрсем, ал Тоқан хазірет «Алладан үйренді»- депті.

Мәшһүр Жүсіп пен Тоқан қазіреттің достығы жөнінде кейбіреулер Мәшһүр бабамыздан сұрағанда, ол кісі: «Тоқанның алты мың алты жүз алпыс алты жылқысы бар»- деп жауап беріпті. Мұны  түсінбеген адамдар: «Ойпырым-ай, бай екен ғой!»- деп таң қалады дейді. Сөйтсе, Мәшһүр жұмбақтап, құранның аяттарын айтқан екен.

Тоқан хазірет 1916 жылы қазан айының ішінде дүниеден өтеді. Қабірі Ерейментау ауданындағы Керегетастың Тұмсығында, өз ауылының зиратында жатыр. Жұрт қасиетті деп есептеп, зиратына тәуіп етеді. 1993 жылы ұрпақтары келген адамдарға қажет деп үй тұрғызған, 2013 жылы шөбересі Қайролла Әсетұлы зираттың қоршауын жасаған. Ерейментауда Тоқан қазірет атында мешіт бар.


Жанақ әулиенің ескерткіші.

Ескерткіштің биіктігі 3 м, ені 1 м. Баянауылдың табиғи тасынан жасалған. Тасты орналастырған Жанақ әулиенің бесінші ұрпағы Ақантай Ермеков, Рамазан Нұрғалиев бастаған Баянауылдың азаматтары.

Ерейментауға саяхат

Аңыз-дерегі:

Қаһарлы Жанақ әулие Ерекше қасиет иесі болған. Екі қасы жалбырап көзін жауып тұрады екен. Адамға қарағанда қос қабағын қолымен көтеріп қарайтын болған. Жаннақ деген кісі жаратылысынан басқа жан болыпты, «Қаһарлы Жанақ», «Доғал оқ», « Ақ Шолақ» атаныпты. Заманында атын ешкім атай алмапты. «Жәке, Жәке» деумен өтіпті. «Аттым»- деген аузынан сөз шықса, мал болсын, жан болсын мұрттай ұшатұғын болыпты. ... Өлеңті бойында Ажы деген биікке Тілеуімбет-Наурыздың ұрпағы қонып, оның төменгі жағында Ақыл-Сексеннің Ақылының ұрпағы қонып, ағайын арасында жер үшін талас-тартыс болып, бәйбіше баласы бөлек, тоқал баласы бөлек салмай ма төбелесті! Содан Қаһарлы Жанақтың осы рудың белді атасы болған күні екен, сары атына мініп, сары сауытын киіп Ажы тауының басына тұрып, ру арасындағы кикілжінді шешуге Торай есімді жігітті жібереді.  Бір уақытта манағы бітімге жіберген Торайы өзін тосып тұрған Жәкеңе қарамай, басы қисайып, өз ауылына қарай кетіп барады дейді.- Анау мені көрмей бара ма, маған жолықпай, қалайша бітім қылғанын айтпай неге кетіп барады?- дегенде, жиылған топ ішінен барғандардың бірі:-Оны құдай ұрды. Бейбіт-Жапалақтан пара алып, жерді соларға аударып берді, енді сізге қарар беті жоқболып бара жатыр,- дегенде Жәкең –Ол баламды аттым! Ертең түсте өледі, жаназасына бармаймын,- деп үйіне қайтып жүре беріпті.Содан шынымен Торай ертенгі күні түсте қайтыс болады. Моласы Ажы тауының жоғырға жағында орналасқан.  

Ел арасында Осы Қаһарлы Жанақ туралы тағы бір аңыз  әңгіме бар.

Шоң би өлгеннен кейін, Еламанның баласы Тұрсымбай Шоң бидің орнына дуанбасы қылып Итемгенді сайламақшы болады.Ал Тұрсымбайдың өз баласы Боштай Шорман биді дуанбасы етіп сайламақшы болады. Осы үшін әкелі-балалы екі партия болып екіге бөлінеді. Тұрсынбай кәрі, сондықтан өзімен шамалас шалдарды жинап жүргенде, Боштай әрі жас, әрі күні бұрын патшаға барып он жеті мөр жасатып әкелгесін ел-жұртты айтқанына көндіріп, Шорман биді дуанбасы етіп сайлатып шығарыпты. Сонда Шорман сайланып шыққанда: Қалың Құлболдының баласы, қанша көп болғанымен мың жылқы есепті болдың да, мен бөгелек болып басыңды изетіп, бір араға тізіп тастап кеткенімді қара,-депті. Сонда бұл сөзі естіген Тұрсымбай намыстанып, Жәке қайдасың, мына көк торсық кедей қаржастың сөзі еттен өтіп, сүйекке жетті ғой! Ақ шолағың қайда, Доғал оғың қайда, «Құлболдыға қас қылғанды атамын»,- дейтұғының қайда? Ат мына Боштай мен Шорманды деп ызаға булыға айтқан кезде, Жәкең: -Аттым Шорманды, үйіне жетсе сол!- депті. Сонда Шорман қырық тоғызда екен. Ерейменнің ар жағында жайлауда, ауылына сайланып шыққан соң барып түсісімен қайтыс болады екен.


Бөгенбай сөресі.

Бұл киелі жер Ақмола облысының Степногорск қаласы маңындағы Ақсу кентінен 18-20 шақырым жерде орналасқан. Тас белгінің биіктігі 2,5 м құрайды. Төменгі жағы табиғи таспен қаланған. Үстіңгі жағында жалпақ тас қойылған. Жалпақ тасқа «Осы жерде 1775-жылдың күзінен 1776 жылдың көктеміне дейін Бөгенбай батырдың мәйіті сақталған. 21 ғасыр. Ұрпақтары» деген тақта орнатылған.

Ерейментауға саяхат

Аңыз-дерегі:

1775 жылы  Қанжығалы Бөгенбай батыр ел жайлауға көшкен ерте көктемде Сілеті өзені бойындағы қайтыс болған екен. Бөгенбайдың қазасына байланысты жиналған ел ақсақалдары Бөгенбайдың жай адам емес, даңқты батыр, мемлекет қайраткері болуына байланысты, қай жерге жерлеуді Абылай ханмен ақылдасу керек екенін айтады. Абылай хан сол кезде Ресей елінде мемлекеттік сапармен жол жүріп кеткен еді. Ел ақсақалдары Абылайдың Ресейден оралуын күтейік деп шешім қабылдайды.Сөйтіп Абылай хан елге оралғанша мәйітті тұздап, былғарыға тіктіреді, бөренелерден биік сөре жасап, мәйітті 40 күн сол жерде сақтайды.  Ол кезде халқына танымал, атақты адамдарды қасиетті Түркістан қаласына апарып жерлейтін дәстүр болған. Сондықтан Абылай  хан батыр өлімін естігеннен кейін мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет кесенесіне жерлеуді жөн көреді. Сөйтіп, 40 күннен кейін Абылай  ханның бұйрығымен үлкен ұлы Тұраналы бастап Түркістанға Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне апарып жерлейді. Кейін Бөгенбайдың мәйіті сөреде сақталған жерді «Бөгенбай сөресі» деп атайды.


«Үш найза» стелласы.

Бөгенбай батырдың 300 жылдығы құрметіне орнатылған «Үш найза» стелласы. Астана –Павлодар трассасының бойында Ерейментау қаласының солтүстігінде  Шошақ төбе деген биіктікте ораналасқан. Табанының диаметрі 5м. Тұғырдың биіктігі 9 м, найзаның ұшы 2,5 м. 

Ерейментауға саяхат

Аңыз-дерегі:

1991 жылы Ерейменде Бөгенбай батырдың 300 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Осы жылы батырдың 300 жылдық құрметіне орай Ерейментау қаласының етегінде сол кезде  Ерейментау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Владимир Федорович Ерохиннің бастамасымен «Үш найза» стелласы орнатылды. Біріктірілген үш тұғыр, үш тірек, үш найза,  үш қалқан үш жүздің біріккен  жерін, жауға төтеп берудің, ел тұтастығының белгісін білдіреді. Екі табақшада қазақтың ою-өрнегі, ал үшіншісінде «Қорған болған еліне, айбар болған жеріне, қойылды осы ескерткіш, Бөгенбайдай еріне!»  деген жазу бар. Авторлары-Мох Яков, Тихонов Николай, Прищепин Юра. Бұл ескерткіш Ерейментау локомотивті ДЕПО цехында жасалған.

1999 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ерейменге келген сапарында осы ескерткіштің жанында халықты жинап,  Бөгенбайдай батырдың аруағы әрқашан халқымызды қолдасын,- деп тілегін айтып, сөз сөйлеген еді. Қазіргі кезде бұл ескерткіш жас отау құрушылардың қастерлі, қадірлі жеріне айналды.


Бөгенбай батырдың ескерткіші.

Жалпы биіктігі 11 м, оның ішінде тұғырының биіктігі 6 м, ені 1,30м, ұзындығы 3 м. Тұғырының сырты қара мрамор плиталармен қапталған. Ескеркіштің биіктігі 5 м. Ескерткіш бетоннан жасалған.

Ерейментауға саяхат

 Аңыз- дерегі:

2009 жылдың сәуір айында Бөгенбай батыр ескерткішінің құрылысы басталды. Сол жылдың 18 маусымында Ерейментау қаласындағы орталық алаңдағы ескерткіш тұғырының астына топырақ салу рәсімі жасалды. Оған батыр бабаның денесі мәңгі дамыл тапқан Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен, Сілеті бойындағы Бөгенбай сөресінен және Ерейментау шетіндегі Бөгенбай батырға арналып көтерілген белгі-монументтің  астынан қасиетті топырақтар әкелінді. Бұл шараға аудан әкімі Н.Ә. Ережепов бас болып, аудандық «Нұр Отан»ХДП-сы филиалының төрағасының орынбасары С.Н. Дүйсембаева, ел ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиылысты ақын Сайлау Байбосын ашып, ақсақалдар ақ батасын берді. Одан кейін топырақты тұғырдың астына салу рәсімі басталды. Түркістаннан келген топырақты батырдың ұрпағы Серік Атаев, Бөгенбай сөресінен әкелінген топырақты аудан әкімі Н.Ә.Ережепов пен екінші ұрпағы Дайыр Жұмабеков, стелланың астынан алынған топырақты ел ақсақалы Балкен Омаров салды.  Осы жылдың бірінші тамызында Ереймен жұртшылығы көптен күткен  Қанжығалы Бөгенбай батырдың ескерткіші орнатылды. Авторы сәулетші Шота Аман Уалиханов. Халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен, ерліктің, отаншылдықтың үлгісі болған Қанжығалы Бөгенбай батырға халқы осылайша тағзым етті.


Құлболды батыр –әулие Шуманақұлы кесенесі. 

Кесене 1999 жылы тұрғызылған. Жолбасшы ауылында.  Ескерткіштің сырты қоршаумен қоршалған. Төменгі жағы мен терезе жақтаулары күйдірілген қызыл кірпішпен, үстінгі жағы ақ кірпішпен қаланған.

Ерейментауға саяхат

Аңыз дерегі:

Тарихи деректерге жүгінсек,  Орта жүзге жататын Арғын тайпасы Бес Мейрам және Жеті Момын баласынан тұрады. Бес Мейрам дегеніміз –Мейрам сопының бес баласы. Олар:- Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік және Болатқожа (Қаракесек).

Осылардың ішіндегі Сүйіндіктен –Суғыншы, одан – Шуманақ туады. Шуанақтың бәйбішесі Жолбикеден Жанболды, Құлболды, Жолболды туады. Құлболдының өзінде алты бала болған. Мақпал атты бәйбішесінен Күлік, Айдабол, Тұлпар туған, ал басқа әйелдерінен Ақбура, Майлытон, Шегір туған. Осы алты баладан қазақ тарихында аты қалған небір ұлылар дүниеге келген.

Айдаболдың өзі 13 жасында би атанған, Одан тараған –Орта жүзге ұран болған Олжабай батыр, Едіге би, Шоң би, Торайғыр би, Жаяу Мұса, Бәйтен сал, Жапар ақын, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әлікей Марғұлан, Олжас Сүлейменов, Шәкен Айманов, Қаукен Кенжетаев, Шапық Шокин т.б.

Күліктен - Шобалай би, Жаңабатыр би, Жанақ әулие, Көтеш ақын, Машһур Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймаутов, Қадыр Тайшықов, Садық Кәрімбаев т.б. Ақбурадан – Шәуке батыр, Қадыршат Шуленбаев, Әбжан ұстаз, Машрап Әбжанов т.б.

Тарихи деректе Құлболды батырдың Мақпал бәйбішеден туған үшінші ұлы Айдабол 1599 туған деп көрсетіледі. Белгілі тәртіп бойынша әр буынның арасы 25-30 жыл салып есептесек, Құлболдының туған мезгілі 1569-74 жыл шамасы болады.

Жоғарыда айтылған Суғыншыдан – Шуманақ пен Мәжік туады. Сол замандардан қалған мынадай бір өлең жолдары бар:

«Мәжікпен бір туысқан ер Шуманақ, 

Қойыпты Құлболдыны құдай қалап» -дейді.

Осыған қарап, Құлболдының өз заманында белгілі адам болғанын байқауға болады. Құлболды жайлы біраз дерек қалдырған Мәшһур Жүсіп Көпеевтің айтуынша Құлболды әрі батыр, әрі әулие болған екен. Батыр болу себебі, ол кез жаугершілік заман, елі мен жерін қорғау үшін жауына қарсы тұра білген.

«Ол заманда қазақтар жылқыларын Ертістен өткізіп, Құлынды даласында жаяды екен. Сол уақытта Сібір аймағын жаулап алып, бері жылжыған орыс әскерлері қазақтарды Құлынды даласынан қуып тастамақ болып жорыққа шықса керек. Ол кезде Құлболды бабамыз түк көрінбейтін тұман түсіріп жіберіп, орыс әскерлері адасып, басы ауған жаққа шығып кетіпті»-деп жазады Мәшүр Жүсіп. Міне осындай қасиеттерінен Құлболды әулие атанған екен.

Құлболдының кесенесі Ерейментау ауданындағы Ақмырза өзенінің жағасында, Жолбасшы елді мекенінің маңында тұр. Ерейментау  жерінде де Құлболды әулие жайлы біраз әңгімелер сақталып қалған. Сол өңірдің тумасы, соғыс ардагері, марқұм Құдайберген Қанапин ақсақал айтқан естілікке назар аударсақ:

Соғыстың алдында, біздің бала күнімізде батырдыңқабірінің дәл ортасынан ағаш өсіп тұратын. Ел оны Құлболды бабамыздың кіндігінен шыққан дейтін. Сол кезде мынандай оқиға болған еді. Ауылдың бір адамы(атын айтпаймын,ұрпақтары бар) қыз баласын самауыр тұтатын ағашқа жұмсап, табылмаса, зиратқа шыққан ағаштан сындырып ала сал депті.Үлкен кісі айтқасын, жаңағы қыз зиратқа шыққан ағаштың бұтақтарын сындырып алады. Соңынан сол қыз баланың есі ауысып кеткенін көзіміз көрді. Ал қызды жұмсаған адам да жазылмас ауруға шалдықты. Мен өзім ес білгелі жергілікті халық Құлболдыны әулие тұтып, басына түнейтін. Соғыстың алдында  ауылымызда «сайтанның теңгесін тартып алған Әлі» дейтін үлкен молламыз болған еді. Бірде,кәзіргі Құлболды бейіті тұрған жерден сыртқа қарай Ақсарай деп аталатын жерге барғанында, аспанға теңге лақтырып ойнап жүрген сайтанның үш қызын көріпті. Ақырын баспалап барып, біреуінің теңгесін қағып алып,тілінің астына сала қойыпты деседі.Жаңағы қыздар қанша жалынып сұраса да, қайтып бермей, үйіне әкеліп, Құранның ішіне салып қойыпты деген үлеһкендерден еститінбіз. Сол кезде ауырып келген, есінен адасқан талай адамды осы Әлі молла Құлболдының басына апарып, жазып алатын-дейді Құдайберген қария.

Тоқсаныншы жылдары Құлболды әулиенің басында шырақшы болып жүрген Ертай ақсақал да (марқұм) осы әңгімелерді қуаттаған еді.

Соғыстың қайнап тұрған кезі еді, бала болсақ та өгіздің басын мініп,үлкендермен бірге астық таситынбыз. Бірде астық апарып, ауылға қайтып келе жатқан едім. Таң әлі ата қоймаған, алакөлеңке шақ еді. Ауылға жақындап, Құлболды зиратының тұсынан өте бергенімде, күңіренген бір дауысты естіп, тұла бойым мұздап қоя берді. Зират жаққа қарасам, ақ киім киген біреу отыр. Сөйтсем,зікір салып отырған Әлі молла екен. Бұл кісі кейде зират басында осылай таң атқанша зікір салып шығатынын білетінмін, жүрегім орнына түсті. Егер Құлболды да қасиет болмаса, Әлі молла сөйтер ме еді?»- дейді Ертай ақсақал.

 

Құндыбай  Хазірет бейіті.

Бейіті табиғи таспен қаланған. Биіктігі  60 см, ұзындығы 3 м, ені 2,5 м.  Бейіті Ерейментау ауданының Қойтас тауларының ішінде орналасқан.

Ерейментауға саяхат

Аңыз-дерегі:

Ереймен елінде діни қайраткерлер қатарында Құндыбай Хазірет атамыздың есімі де аталады. Қондыбай лақап аты екен, шын аты Ғұбайдолла Таңжарұлы. 19 ғасырдың орта кезінде туып, 1909 жылы марқұм болған екен. Жасынан ғылым қуып Ақмола қаласында Абдолла Хазірет-Фахр ад-динұлынан ұзақ уақыт оқыған екен. Оқуын бітіріп, еліне келіп, халық ортасынан медресе салып, шәкірт оқытқан. Шәкірттерінің айтуынша Хазірет алды қатты, ызғарлы адам болыпты. Ашуланып кеткенде маңына ешкім бара алмайды екен. Шәкірттеріне насыбай атқызбай, шылым тартқызбай қатал тәртіп орнатыпты. Бірде Машһур Жүсіп Көпеев Қондыбай Хазірет үйіне қонақ болып келген екен. Құндекең Мәшһүрге зыр жүгіріп қызмет қылыпты,тіпті насыбайында үккізіп беріп силаған екен. Соны көрген ел адамдары: «Бізді сондай қорқытқан насыбайды өз қолымен үгітіп, қызмет қылады, ал бізге ұрысады» деген сауалдарына. «Біз Мәшһурге қарсы тұра алмаймыз, біз кісіден оқыдық, ол-Алланың өзінен оқыған адам»-депті. Мәшһүрдей ғұламаның арнайы Құндыбай Хазіретке келіп қонақ болуы жәйден жай емес шығар. Білімі терең, ел балаларын оқытып келелі шаруаны атқарып жатқан Құндыбайдай адаммен сырласып,дін мәселесіне қатысты әңгіме дүкен құру, сонымен қатар халық шежіресін жинақтап жүрген Мәшекеңе Қанжығалылар жайлы тың дерек естіліктер, ата тарату тәртібі керек болған шығар деп түйіндедік. 2012 жылы Құндыбай Хазіреттің ұрпақтары бабасының зиратын және медресе қирандысын тауып, бейіт басына айшық қойған екен.

 

«Жеті батыр» қорымы.

Бұл  зират Ақмола облысы Ерейментау қаласының оңтүстік шығыс жағында 84 шақырым жерде орын тепкен Усамбай елді мекенінің солтүстігінде жайғасқан Қараадыр қыратының етегінде жатыр. Бейіті табиғи тас үйіндісімен қаланған. Биіктігі 80 см, ені 3м, ұзындығы 4 м. Айналасында 6 батырдың бейіті бар.

Ерейментауға саяхат

 Аңыз- дерегі:

Қорым Ереймен тарихында орын алған үлкен уақиғаның тілсіз куәсі. Бұл «Жер дауы» деп аталатын тарихи уақиғаның желісі бізді 19 ғасырдың 30-шы жылдарына жетелейді.  Қазақта ертеден келе жатқан «жер дауы», «жесір дауы» деген сөз бар. Бар байлығы алдындағы малы болғандықтан, жер, мал өрісі,қоныс етер жайлау мен қыстауы қазақ үшін қашанда даулы мәселе. Қанжығалы елі сонау Бөгенбай заманынан бері Ерейменді қоныстанғаны белгілі. Сол уақытта қанжығалылар мен көршілес сүйіндік елді де қанаттаса қоныстанып жүрген болатын. Жаз шыға қанжығалы ауылдары Сілетіні бойлай, төрт теңіз атанған – Теке, Жалаулы, Сілеті, Қызылқақ көлдері, Омбыға қарай өтіп Үлкен Қараой, Кіші Қараой деген жерлерді жайлайды екен. Ал Баянаула-Қызылтудан шыққан Сүйіндік елі Ереймен жеріне жайлауға шығып тұрады екен. Осыған байланысты 1831 жылдың қара күзінде жер дауы туып, оның арты «Ереймен оқиғасы» деп аталатын үлкен жанжалға айналды. Бұл мәселеге Баянауыл жағының ықпалымен сотник Махонин басқарған казак-орыс отрядтары арласып,оқ атып, қанжығалы жағынан онбір адам бірден оққа ұшады. Жетеуі сол жерде жан тапсырады. Ол марқұмдардың есімдері: Сабанбай Ақанұлы, Тай Мәмбетұлы, Мамыт Қауменұлы, Кәрім Көбекұлы, Қырғызбай Көшірұлы, Қойсары деген қарт және Түсіпберген деген жігіт.

Бұл жанжалдың дүмпуі дуаннан асып Петерборға жетеді. Аталмыш дау-жанжал негізінен Ерейменді ертеден жайлап жүрген Шорман бастаған қаржас ауылдары мен қанжығалылар арасында болған. Ақыры келесі жылы екі елдің игі жақсылары бас қосып, Ереймен дауының түйінін тарқатады. Қанжығалы жағынан Бапан, Жанболат билер, Әжібай қанжығалысынан Сасықби, қаржастан Шорман,Үкібай билер, бәсентиннен Қазанғап би, айдаболдан Шоң би қатысқан топ: «Сүйіндік-Өлеңтіден бес шақырым өтпесін, қанжығалылар-Өлеңтіге бес шақырым жетпесін» -деген шешім шығарады. Бұл уақиғаның жаңғырығы біздің заманымызға жетіп отыр. Өлеңті өзені екі елдің арасындағы шекара іспетті болып келген.

 

«Жантай батыр сәкісі» -Түйетас.

Ерейментау ауданының шығыс жағында Өлеңті өзенінің оң жағалауында Ажы тауының орта тұсында орналасқан жартас.   Жартастың  биіктігі 5м, ұзындығы 7-8 м.

Ерейментауға саяхат


Аңыз-дерегі:

Ажы ауылының тұрғыны марқұм Әлдебеков Қанапия сол жартасты ертеде Жантай сәкісі деп атаған дейтін. Осы күні ол жартасты Түйетас-деп атайды. Бұл жартастың Жантай сәкісі деп аталуында бір сыр бар. Сонау 18 ғасыр-батырлар заманында, қазақ елінің тағдыры шүберекке түйілген зар заманда, қолына қару алып, елін қорғаған батырлар шыққанын тарихтан білеміз. Сондай батырларымыздың бірі Қанжығалы қарт  Бөгенбайдың үзеңгілес серігі Жантай батыр еді.  Өлкетанушы марқұм Өмірбек Тұхпиевтің «Ереймен тарихы» атты еңбегінде Қанжығалылар Бөгенбай бастап, артын Жантай батыр жинақтап Ерейменге  18 ғасырдың 30-40шы жылдары келген кезде, бұл алқапты он мыңдай халқы бар қалмақ иеленіп жатқан екен. Қазақ батырлары ұрыс салып қалмаұтарды ерейменнен босатады. Жеңілген қалмақ Абылай ханнан бітім сұрап, Ерейменнің оңтүстігінде біразға шейін тұрақтанып қалады. Сол бейбітшілікті қадағалау Жантай батырдың інісі Арқандырға тапсырылады. Осы кезде билер, батыр Бөгенбай шешімімен жер бөліске ттүседі. Жантай батыр руы -Ниязға Өлеңті өзенінің бойы берілгенге ұқсайды. Өйткені қалмақ басшысы Уса-серенің сатқындықпен Жантайдың інісі Арқандырды өлтіргенде, суық хабарды естіген Жантай батыр Қоржынкөлде қоныс тепкен Бөгенбай батырға сол Өлеңті өзені бойындағы Ажыдан келгені Үмбетей жыраудың «Жантай батыр» дастанында айтылады. Ендеше  Жантай батыр жауынгерлерімен, Нияз жұртымен осы Ажы тауындағы жартас маңында кеңес құруы әбден мүмкін. Жартас тастың құрылымының өзі кеңес құруға әдейі арналып жасалғандай. Кәдімгідей мінбері бар құйма тастар. Олай болса ел бостандығы жолында батырлар ерлігінің куәсі ретінде бұл жартас та киелі жер қатарына жатқызуға болады деп есептейміз.


Төрежал тауы-тарихи орда.

Ерейментау ауданының  оңтүстік шығысында  орналасқан.

Ерейментауға саяхат

Аңыз дерегі:

Ерейментау ауданының  оңтүстік шығысында  Төрежал тауы мұнартады. Олай аталу себебі сол жалдың бауырында ертеден көп жылдыр бойы төрелер ауылы отырған екен. Оның да өзіндік тарихы бар. Қазақтың қай руы болмасын кезінде қожасыз, төресіз болмаған. Төрені ел басшы қылып сайласа, қожа елдің жүзін мұсылмандыққа, исламға бұру үшін керек болған. Осындай себеппен кезінде қанжығалы руының адамдары да Нұрхан төрені аттай қалап сұрап алған екен. 19 ғасырдың екінші жартысында Қанжығалы Бөгенбай елінің бір топ игі жақсылары Көкшетаудағы хан ордасына барып Уәлиханның тоқалы Айғанымнан «төре» етуге бір баласын беруді  өтінеді. Айғаным сый қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, хан әулетінен Нұрханды өз қолынан төре қызына үйлендіріп, еншіге қоса хан төленгіттерінен Барын, Көкше, Қырғи, Топыш дейтін нөкерлерін беріп көшіреді.

Айғаным қонақтарын аттандырарда Нұрханды (Нұрмұхаммет) маңдайынан сипап былай дейді: «Шырағым, озатын бала он бесінде баспын дейтін, тозатын бала жиырма бесінде жаспын дейтін. Қанжығалыға төре етіп сені үлкен үмітпен жіберіп отырмын. Ұлы атаң қанша қанқұмар болса да, әкең кекшіл емес еді, кешірімді еді. Таудай қараның астындағы бармақтай ақ болып көрін. Үш сөз бар: ұят, обал,борыш. Осы үшеуін жадыңнан шығармасаң-ел соңыңнан қалмайды, ұмытып кетсең жаныңа жуымайды»-деп берік сертпен жөнелткен екен.

Қанжығалы еліне келіп Ерейменге қоныс тепкен Нұрхан төре үш болыстың үстінен қарайтын кеңесшісі Қанжығалы Киікбай Әлдебектің немере ағасы Қожаберген байдың қызын тоқалдыққа алыпты. Нұрханның төре қатынынан Сәмеке, онан Шыңғыс туады. Сол Шыңғыс бертінге дейін Кеңес үкіметі орнағанға шейін Төрежалында он-онбес үй төрелерге басшы болып, халыққа билік айтып келген деседі. Өкімет орнағанннан кейінгі тағдыры белгісіз, бірақ Ерейментау ауданында өткен ғасырдың 60-70 –ші жылдарына шейін Төре ауылы болды, ол Өлеңті кеңшарының бөлімшесі ретінде сақталынды. Ал сексенінші жылдары Горный совхозының отгондық учаскесіне айналған еді.

Осы жерде 1916 жылғы Ереймен көтерілісі жеңіліс тапты. 1916 жылы патша жарлығына қарсы қазақ даласында үлкен көтеріліс болғаны тарихта белгілі. Сондай толқу Ереймен жерінде де орын алған болатын. Бес мыңға тарта ереймендіктер мұздай қаруланған патша жендеттерімен Шәкей, Жуанадыр, Кеңасу, Былжық асуларында бет –бет кездесіп, алдырмады. Бірақ пулемет, винтовкамен қаруланған жау көтерілісшілерді тықсыра отырып Ерейменнің оңтүстігіне ығыстырды. Жолда кездескен ауылдарды өртеп, малдарын айдап алып кетіп отырды.Көтерілісшілер Төрежал тауына бекінді. Қалың топ 300 адам таудың басында қалып, мергендеріміз үлкен Шоқпартасты Жалғызтөбенің биігінен бекініс жасап, жақындаған жауды атуға кірісті. Жазалаушы әскер Төре жалдағы қалың топқа пулеметтен оқ жаудырып, бас көтертпеді. Бала Сыздық, Жанайдар, Молдажан бастаған мергендер тобы тасадан атып, жаяу әскердің 10 шамалы адамын құлатты. Осы кезде Қаратау маңында топталған жаудың атты әскері Төрежал тауына киіктей атылды. Төрежалдың оң жағы құз жартасты келетін. Көтерілісшілер одан түсе алмай қапыда қалды. Сөйтіп төрт айға созылған бұл көтеріліс жеңіліс тап

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға