Жаңалықтар

Күйші Дина мен Жамбыл бабамыздың кездесуі

Күйші Дина мен Жамбыл бабамыздың кездесуі
20.10.2021 15:14 10117

Осы жылы күй анасы Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл толып отыр. Есімі қазақ халқының төл әрі қастерлі өнері – құдіретті күй өнерімен қатар жүретін Дина анамыздың қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі өлшеусіз. «Дина күйші» атты жинаққа енген естеліктердің ішінде күйші анамыз бен әйгілі ақын Жамбыл Жабаевтың кездесуі туралы мағлұмат бар екен.

Күйші Дина мен Жамбыл бабамыздың кездесуі

Бұл естеліктің авторы әйгілі композитор Ахмет Жұбанов. Ахмет бабамыз өз заманында ел арасында күйші анамыз Дина туралы мәліметтерді жинастырып, көзін көрген адамдардан құнды деректер жинаған.

Дина Нұрпейісованың Мәскеуге барған алғашқы сапары

«Дина ерекше көңілденіп, әзіл айтып, домбыра тартып отырды. Ол біресе Құрманғазының, біресе Бапастың, біресе өзінің күйлерін тартты. Күйлерді ұйып тыңдаған жұрт вокзалға баруға кешігіп қала жаздады. Поездің жүруіне санаулы минуттар калғанда ғана баласы Динаның жүруі керек екенін ескертті. Домбыраның қызығына түскен жұрт Динаны шығарып салуға келіп отырғандарын да ұмытып кетіпті»,- дейді автор Дина шешеміздің Мәскеуден кері елге оралардағы көңіл-күйін сипаттап.

Күйші Дина мен Жамбыл бабамыздың кездесуі

Ахмет бабамыз Динаны Москваға ертіп апарған адам оның бүкіл жол бойы көңілі толып, шат болғанын айтып келгенін жазады.

«Ол жол бойы жас кезінде отарба бар дегенді естігенін, енді коп жылдар өткеннен кейін соған өзі мініп, Москваға келе жатқанын әңгімелеумен болыпты. Дина жол үстінде домбыра тарта береді. Талай уақыт өткен өмірлерін еске түсіріп отырады. Оның өткен өмірі тізбектеліп көз алдына келеді, Халык композиторларымен кездескені есіне түседі. Дина Жаяу Мұсаның өмірі жөніндегі әңгімені, оның «Ақ сиса» деген әнін тыңдауды жақсы көретін. Қанаушы таппен күресіп өткен Жаяу Мұсаның атың ерекше ардақтайтын»,- дейді.

Дина қонақүйдің бөлмесіне жайғасып болмай-ақ, оны астаналық газеттердің тілшілері қоршап алғаны жазылады. Тілшілер фото-аппараттарын сытырлата суретке түсіріп, үсті-үстіне Динаға сұрақ қоюмен болыпты. Ол Алматыдан Москваға дейінгі ұзақ жолдан мүлде шаршамаған адамша, жалықпай, өз өмірі жайындағы әңгімені түгел айтып берсе керек. Бірақ ол көбінесе Құрманғазы жайлы айтты, өз өмірі жөнінде айтқаны тіпті мардымсыз болған екен.

«Динаны алғаш рет 1957 жылы Алматыға келгендегісіндей сахнаға ерекше даярлаудың кажеті жоқ еді. Бұл кездерде ол сахнаға шығуды жақсы білетін. Дина Қазақ КСР-ы Совнаркомының искусство істері жөніндегі басқармасы жанындағы эксперименталдық мастерской жасап шығарған домбыраға өзі иірген ішектің орнына кэтгут тағып тартты. Қолдан иірген ішектен гөрі кэтгуттың үні күшті екені, домбыраның құлағын бұрай түсуге болатынына көзі жеткен соң, Дина ішек орнына кэтгут тағуға қарсылық жасамады. Жаңа домбыраны бірер күн тартып, колын үйреткен соң. Дина: «Қай жерде, қанша күй тарт десеңдер де, мен әзір», - деп күледі.

Бұл жерде де бүкіл елімізден жиналған саңлақ өнерпаздардың арасында Дина бірінші орын алды. Бұл жолы Қазақстан өнерін кең көлемде көрсетті. Дина бастаған домбырашылар, қобызшылар тобы күйлер тартты. Бүкілодақтық конкурста. Динаның орындаушылық шеберлігі шеңберінен шығып кетті, Динаның жеңісі қазақтың ұлт аспаптары музыкасының нығая түсуіне әсер етті, көп ұлтты совет искусствосы ішінде тиісті орнына ие болды.

Профессор Беляев «Халық музыканттарының байқауы» деген мақаласында: «Қалың бұқараның музыка мәдениетін өркендету құралы ретінде байқау халық музыкалық аспаптарының маңызын көтерді. «Домбыраның Жамбылы» Дина көрсеткен асқан шеберлік, домбыра сияқты халық аспаптарын сақтау, оны өркендету жолындағы үгіттің ең жақсы әдісі болып табылады», - деп жазды.

Дина байқаудан қуаттана. жігері тасып оралады. Қазақтың домбырашылық салтын насихаттауға құлшына кірісті, соның арқасында халық аспаптарының салтын қазақтың халық оркестрі игеріп кетті. Дина астана сахналарында ғана емес, филармонияның жолдамасымен басқа жерлерге де барып концерт қойып жүрді. Дина айналасына жастарды жинап, домбыра үйретуге күш салды. Қазақтың жас домбырашыларына өзінің домбырашылық өнерін барынша үйретті. Динаның үйінде музыкашылар қаптап жүретін. Ол қажымай-талмай күй тартатын, Октябрь таңына дейін басынан өткізген жәйлерді әңгімелейтін. Жаңа өмірдің жәйін, музыкалық өмірдің жаңалықтарын құмарта тыңдайтын.

Дина сахнаның сыртында, оркестр бөлімінде отырғанда мұнан бұрын мың рет тартқан күйлерін кайта-қайта тартып, сахнаға шығуға даярланумен болушы еді. Домбырашының сол қолының өнерін үйрену қиын. Ал Динаның оң қолының әдісін үйрену тіптен де қиын болатын. Жаңа күйді бір естігеннен үйрене алмаған домбырашыдан сіптеңс шықпайды дейтін асқан домбырашылардың салты жадында қалған Дина. Ол бір күйді қайта-қайта тартуды жаратпайтын. Әдетте, Құрманғазы оркестрінің жас домбырашылары, айнаға қарап домбыра тартып отырған Динаның өнерін үйрену үшін желке жағына келіп тұрып, сол қолының мәнерінен көз айырмайтын. Көңілі келсе Дина қасына келіп тұрған шәкірттерін байқамағансып, домбырасын тарта беретін, ал көңілі келмесе, олардың бірін қалдырмай қуып шығатын.

1940 жылы өткен Қазақстанның жиырма жылдығына арнап, Дина «Той бастар» күйін шығарды. Дина бұл күйінде бостандық алған, өз мемлекеті өркендеп келе жатқан экономикасы мен мәдениеті бар халқының шалқыған қуанышын суреттейді. «Той бастар» коммунизмнің жарқын болашағына алып адыммен келе жатқан халықтың салтанатты маршы сияқты. Бұл күй оркестрдің тартуына өте лайықты еді. Сондықтан оны Құрманғазы оркестрі тартып, пластинкаға жазылып алынды.

Дина мен Жамбылдың кездесуі

Бір күні Динаның үйіне жалтыраған кара «Эмка» жетіп келді. Жас шофер жігіт кішкене қыздан Динаның терезесіне қарай қолын шошайтып, бірдеңені сұрап тұр. Машинадан орта жастардағы біреу шықты да тура Динаның үйіне қарай жүрді. Ол Жамбылдың баласы Алдагерей екен, әкесі Динаны қонаққа шақырып кел деп жіберіпті. Салт бойынша, жасы кіші Динаның Қазақстанның атақты ақынына алдымен барғаны ыңғайсыз болар деп жауап береді. «Мен сәлемді ғана айтып тұрмын, кімнің есігін бұрын көрсетуі керек екенінде менің шаруам жоқ», - деді Алдагерей. Дина барар-бармасын білмей біраз қобалжып тұрады да, совет поэзиясының ақсақалының шақыруына баруды ұйғарады.

Күйші Дина мен Жамбыл бабамыздың кездесуі  

Жамбылдың ауылы етегіне орналасқан қаһарлы Суықтөбе жөніндегі аңыздарды шофер жолшыбай жағы сембестен Динаға айтып келеді, айтып келеді. Жамбылдың баласы оның сөзін мақұлдап, анда-санда басын изеп қояды. Ал кей жерлерінде тым бөсіп кеттің деген кісіше миығын тартып қояды.

Дина келіп түскенде Жамбыл үйінде жоқ еді. Бір сағаттан кейін ол жатаған атымен келді де, аттан түсіп, шылбырынан қалаға байлап, үйіне қарай беттеді. Жамбыл Динаның қолын қайта-қайтата алып, көріскеніне қатты қуанды. Дина қандай алыс жерден келді дейсіз! Бұрынғы кезде Каспий жағасынан әйелдің Алматыға келуін арман етуге де болмайтын еді ғой.

Олар асықпай шай ішіп, өткен-кеткенді естеріне түсіріп, әңгімелесіп көп отырды. Дина өзінің, Құрманғазының күйлерін тартты. Дина зерек болатын, ол бір естігенін қалтқысыз, мүдіртпей айтып беретін еді. Жамбыл Динаның сол қолын мақтағанда Дина: «Құрманғазы едәуір уақыт домбыра тартып отырып, менің сол қолымды өзінің оң қолына ұстап отырып, егер осы екі қол бір адамға біткен болса, онан асқан дүниеде домбырашы болмас еді»,- деген-ді деп жауап қайырды. Жамбыл Динаның колына арнап өлең шығарады. Бірақ қасында хатшысы болмады да қағаз бетіне түспеді. Дина Жамбылдың үйінде қонып қалды.

Ертеңгісін Дина Жамбылдың келіні қозы көгендеп жатқанын көріп, өзінің жас кезі есіне түсті. Жамбылға «Көгентүп» деген күйінің шығу тарихын айтып береді.

Ауылда қозыны алғаш рет көгендегенде балаларға енші береді, соны көгентүп дейтін. «Менің абысыным – Кербездің бір қора қойы болатын, ол қозылардың ізінде жылқышының кішкентай баласы жүретін. Бірде, көктемде қой жаңа қоздап, қозыны жаңа ғана көгендеп жатқан кезде, салт бойынша Кербез жас балалардың біреуіне арнап бір қозыға ен салуы керек еді, қозышы бала үндемейін сызылтып, бір мұңды әнді айтып жүреді дегенді сстігенмін. Кербезге қозышы балаға арнап, қозыға ен сал дедім. Кербез менің айтканымды істеді. Бала менің айтқапымды сезгендей, алдымен маган, сонан кейін барып Кербезге алғыс айтты. Баладан мен жалғыз жүргенде айтатын өлеңін айтып беруді өтіндім. Азғана уақыт ұялып тұрды да, бала өлеңін айтуға кірісті. Ол бала жақында қайтыс болған шешесінен өткен жылы естіген «Ақ қозы» деген әнді айтып жүреді екен. Өлеңнің аты мазмұнымен жымдасып жатыр. Бұл өлеңде енесін қасқыр жеген жетім қозы жайлы айтылады скен. Бала өзін сол ақ қозыдай, ал байларды қасқырдай көріп, өлеңді ерекше сезіммен айтты. «Баланың әні көкейімде қалды. Мен кедей балаға арнаған «Көгентүп» деген күй шығардым. Сіздердің барлық балаларыңыздың да бақытты екенін көріп тұрмын. Қойшы қойын жөндеп бақса ғалымдармен, артистермен, мемлекет басқаратын үлкен адамдармен қатар наград алады екен», - деді Дина Жамбылға.

Дина Жамбылдың үйінде үш күн қонақ болды. Ұлы ақынмен кездескенінен Алматыға үлкен әсер алып қайтты.

Соғыс жылдарындағы Динаның өнері

Бейбіт жазира өмірдің аспанына кауіп төнді, соғыс басталды. 1941 жыл. Фашистік Германия Совет Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы басталды. Бүкіл дүниежүзі, прогресшіл адамзат Совет халқының гитлершіл басқыншыларға қарсы ерлік соғысына тілектес болды. Жазушылар, композиторлар, суретшілер кеңес адамының ерлігіне арнаған шығармалар жазып, халықтың рухын көтеріп, оларды жан аямай еңбек етуге, творчестволық ынтымақтастыққа шақырды. Жаңа туындылар жазуларын қалады.

Сексен жастағы Дина жалғыз ұлын майданға аттандырды. Оның творчестволық күш-қуаты таси түсті. Ол колындағы домбырасының, совет поэзиясының алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі сияқты, жауға карсы жауынгерлік рөл атқаратынын білді. Дина «Ананың бұйрығы» деген күй шығарады. Бұл күйде ол ананың образын Отан образымен ұштастырады. Ұлы Отан соғысының майдандарында жан-қиярлықпен Отанын қорғап жүрген ұлдарына ана әмір етеді. «Ана бұйрығы» күйі бірден бүкіл Қазақстанға тарап кетті. Ол ерліктің әуеніне, халық қолындағы құралға айналды. Күйде уақыттың қатулығы айқын берілген, үні асқақ шығады.

1945 жылдың майы. Рейхстагтың үстінде совет қызыл туы желбірейді. Халық қуанышы тасыды. Совет Одағының барлық түкпірінде, әрбір көшесі мен ауылында тарихи күн мерекеге айналды. Сексен беске келген Дина «Жеңіс» деген күй шығарды. Бұл күйді де тыңдаушылар жақсы қарсы алалы. Бұл қиын, асқан шеберлікпен жасалған күй. Бірақ күйдің терең идеялық мазмұны, өрнегінің әсемдігі оны халыққа тез жеткізді. Рас, осылай аталып жасалған басқа күйлер де бар, бірақ бәрінен де Динаның «Жеңісінің» шаттығы жоғары. Динаның «Жеңісінің» мазмұны терең, музыкалық тілі өткір, бұған оның ұзак жылдар бойы творчестволық шебер практикасының болуы зор әсер етті.

Ұлы Отан соғысы кезінде Динаның жалғыз баласынан бір жыл бойы хабар болмады. Осыған қарамастан, ол өзінің орындаушылық, композиторлық істерін тастамады, творчестволық күш кемелінде болды. 1944 жылы Ташкентте Орта Азия республикалары мен Қазақстан музыкасының онкүндігі өтті. Осы онкүндікте Дина Нұрпейісова зор табысқа ие болды. Оның искусствосы тыңдаушыларды таңғалдырды. Ал бұл туысқан бес республиканың творчестволық жарысы еді. Әрине, соғыстың нағыз қызған кезінде мұндай уақиғаның болуы тек біздің елімізге ғана тән қасиет. Онкүндік Совет Одағы күшінің салтанаты, партияның айналасына топтала түскен халықтар достығының салтанаты, бүкіл аламзаттын тағдыры шешіліп жатқан, еліздің ең жауапты кезеңінде социалистік мәдениет пен искусствоның өркендеуі бір сәт те кідіріске ұшырамағандығының салтанаты еді. Бүкілодақтық байқаудағы сияқты, Ташкентте де Динаның тамаша шеберлігі қазақтың халық аспаптары салтын насихаттаудың күшті кұралы болды. Еліміздің басқа да туысқан халықтарының музыҡаны өркендету, зерттеу мақсатына зор әсерін тигізді.

«Онкүндік кезінде көрсетілген халық таланттарының жұлдыздары, - деп жазды музыкавед А. Островский «Өзбек музыкасының өркендеу жолы» деген мақаласында, - Құрманғазының тамаша шәкірті, қазақтың сексен жастағы домбырашысының шаңына да ілесе алмайды, оның тартуының әсері қайталанбайтын керемет, тыңдаушыны билеп әкетеді. Оның домбыра тартуының шеберлігі адам сенуге болмайтын ғажайып. Тамаша домбырашы тартудың қандай әдісін қолданбайды, осы ескі аспаптан қандай үн шығармайды десеңізші! Домбыраны ол қатырып құшақтап алмайды, домбыра оның қолына ілесіп ұшып. тамаша саусағының жорғалауына ілесіп дедектеп отырады. Ташкенттің опера театрының үлкен залы осы бір шағын аспаптың үніне толып кетті. Домбыраның ең терең сырын ашатын, оны соншалықты күшті үн шығуына мәжбүр еткен, музыкалық бейнелеудің шыңына шыққан Дина тамаша талантты адам.

Өз Отанының өркендегеніне, ел қуанышына, халықтардың ұлы достығының жанқиярлық майталман еңбегіне қол көтерген қатал күшке қарсы, ызалы кекке толы көл күйлердің авторы Дина Нұрпейісованың творчествосы бұрынғы мен бүгінгі өмірдің нәріне тоғысып жатады. Дина Нұрпейісова өнерінің маңыздылығын, оның қажеттілігін, жас ұрпақтарға ол сақтап келген орындаушылық шеберліктің салтын жеткізудің қажеттігін атап айтпасақ та болады. Өйткені барлық халықтардың мәдениетінің жақсы қорын қорғау және сақтау қажет екендігі белгілі. Ал Дина Нұрпейісованың искусствосы сол салттардың ең жақсы түрлеріне жатады».

«Дина Нұрпейісованың монументалдық алып бейнесі санамызда орнап қалды, - деп жазды осы мақаланың авторы, - бұл халық музыкалық салтының зор қуатпен әсер ететінінің айқын айғағы. Шынында да, Дина Нұрпейісованың онкүндікте домбыра тартуы халықтың музыкалық салтының нағыз мерекесі еді. Оның үстіне Дина Нұрпейісоваға ілесе халық аспаптары оркестрі шығып, халық композиторларының шығармаларымен қатар, Советтік Қазақстан, орыс, Европа композиторларының шығармаларын орындады».

Екі жылдан кейін Қазақстан жұртшылығы Дина Нұрпейісованың сексен бес жылдығын атап өтті. Юбилейлік концерттегі ең басты номер Динаның сахнаға өзінің шығуы болды. Жұрт оны қызу карсы алды. Бұл жылдары Дина совет адамдарының бейбіт еңбегіне арналған «Еңбек геройлары», «Сауыншы», «Сегізінші март» күйлерін шығарды.

1951 жылы оның туылғанына тоқсан жыл толуы тойланды. Мерекеге қатысқандарға алғыс ретінде, сол кеште Дина ұстазы Құрманғазының өзі шығарған күйлерін асқан шеберлікпен тартты.

1938 жылы республикамыздың өкіметі қазақтың халық аспаптарында тартылатын музыканың тамаша салтын сақтап, өзінен кейінгілерге жеткізгені үшін Динаға «Қазақстан искусствосына еңбегі сіңген қайраткер» деген атақ берді. Ал 1944 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің онжылдығы тойланған кезде Динаға «Республикамыздың халық артисі» деген кұрметті атақ берілді.

Дина екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және «1941-1945 жылдардағы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, Қазақ КСР-ы Жоғары Советінің бірнеше грамоталарымен наградталады» (Музықальная культура Узбекистана», 162-6)

Дина Нұрпейісованың қазасы

Дина Нұрпейісова әбден ұлғайып, жасы тоқсан төртке келгенде қайтыс болды. Ол өмірінің ең ақырына дейін ашық-жарқын, әзілдің мәнін түсінетін, көңілді адам болып өтті.

Осы жолдардың авторына Дина мынадай бір әңгіме айтты. Қайтыс боларынан бір жыл бұрын ол ауырып еді. «Жұрт мені өледі деп әлек болып жүр, молда да келді, менің өлгім келмейтінін қайдан білсін. Молда келіп ұжмактың жақсы екенін, ол дүниені айта бастады. Менің солай қарай кеткенімді тым жақсы көрген болуы керек.

Мен оған: «Ол дүниенің жақсы екенін жақсы білесің бе? Менің білуімше, ол жақтан әлі ешкім қайтып оралмаған, біз сияқты күнаһарлардың халі қандай болатынын айтпаған сияқты» - дедім.

Молда маған: «Бұны кітаптан оқып білдім» - деді өзінше мақтанып. Мен одан: «Ол дүние саған ұнаған болса, кітабыңды алып, оған өзің бара ғой. Мен жер үстіңде қала тұрайын, совет өкіметінің жеріңде өмір сүру маған жақсырақ көрінді» - дедім. Ол дүниені молданың жақсы көрем дегенін Құдай есітіп қалған болу керек, бір-екі айдан кейін оның жаның әкелуге әзірейілдерін жіберсе керек. Молда дүниеге кетті де, мен тірі қалдым...».

Бірнеше айдан кейін Дина тәсек тартты, көпке дейін ауыр науқас болды. Демі бітуге жақындағанын сезіп, Дина туысқандарын шақырып алды, жақында өлетінін айтып, өзінің ақырғы тапсырмасын айтты.

Қайтыс боларынан бұрын, кешкі сағат бесте баласын шақырып алып, менің «кәрі жолдасымды» әкелші деді. Баласы домбырасын әкеліп берді. Дина әлсіз колына домбырасын алып, Құрманғазының «Қайран шешемінің» кіріспесін тартты. Домбыра-қолынан-түсіп.- кетті, Динаның есі ауып қалды.

Түнгі сағат тоғызда Дина қайтыс болды. Оның өмірінің ақырғы минуттары да музыкаға арналды.

Дина тартатын Құрманғазының, басқа да халық композиторларының күйлері, оның өзі шығарған күйлері пластинкаларға, пленкаларға жазылып, қазақтың музыкалық қорына енді. Бұлардың ерекше құндылығы Динаның домбыраны ерекше шебер тартатындығында. Бұған дейін Құрманғазының, Дәулеткерейлің, басқа да халық композиторларының күйлерін тартушылардың ішінен Динадай домбыра тілін білетін ешкім кездескен емес, талантты домбырашы домбыра тартудың өзіндік жолын салып кетті. Құрманғазыдан басқа, домбырашы халық композиторларының көбісінің оң қолының өнері күйдің басынан аяғына дейін бірқалыпта қосылып отыратын болса, Динада ол әлсін-әлсін өзгеріп, шығарманы майын тамыза, музыкалық картинаның алуан түрлі өрнегін жасап отырады. Ал оң қолдың өнері күйдің формасы мен мазмұнын көрсетуде шешуші жағдай десе де болады.

Динаның сол қолының да ерекшелігін айта кетуіміз керек. Оның ерекшелігін Динаға Құрманғазы айтып кеткен. Динаның қолының жаратылысы да ерекше еді. Оның саусақтары өте салалы, жіңішке, өте икемді болатын. Ол екі саусағымен ешқандай домбырашының саусақтары жетпейтін, алшақ жатқан пернелерді баса алатын. Дина домбыра техникасына ерекше, өзгеше өзіндік аппликатура кіргізіп кетті. Соның арқасында Дина домбыраның ең қиын пассаждарын еркін тартатын. Оның күйлерін пластинкадан үйреніп тарту қиын. Динадай тарту үшін оның өзінің домбыраны қалай тартатынын көру керек. А.Затасвичтің «Тартыс» күйін жазып аларда, «күйдің кейбір жерлерін көріп отырып қана кейін ақырына дейін дұрыс жазып алуға мүмкіндік алдым» дегені кездейсоқ жағдай емес.

Біздің тұсымыздағы домбырашылардың ішінен Динаның күй тарту әдісін дұрыс үйреніп алып, таратып келе жатқандар Халық артисі Қали Жантілеуов, талантты домбырашы, Құрманғазы атындағы оркестрдің концертмейстрі Рүстембек Омаров, осы оркестрдің домбырашысы Гүлмән Әлжанов.

Кейінгі жылдарда домбырашылық өнерін асырып, көзге түсіп жүрген Алматының Құрманғазы атындағы мемлексттік консерваториясын бітірген, Москвада өткен Бүкілодақтық және дүнисжүзі жастары мен студенттерінің алтыншы фестивалінің лауреаты Әзидолла Ескалиев.

1957 жылы Алматы консерваториясынан қазақтың халык аспаптары факультеті ашылды. Олар домбыра, сыбызғы тартуда халық шеберлерінің әдісін үйренеді. Оларға халық аспаптарын тартатын сң атақты, асқан шеберлер сабақ береді.

Консерваторияның фольклор кабинетінде халық композиторларының алуан түрлі мұрасын зерттейтін арнаулы бөлім бар. Бұның қазақтың халық аспаптарын тарту техникасын онан әрі үдетіп, жетілдіре түсу үшін аса зор теориялык және практикалық мәні бар.

Динаның күйлерін Құрманғазы атындағы және көркем-өнершілер оркестрлері тартады. Бұл күйлер Қазақстан композиторларының шығармаларына да тамаша тақырып болды. Республикамызда Дина Нұрпейісованы білмейтін ешбір түкпір жоқ. Оның аты мен музыкасы халық ссінде ұзақ сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға