Назарбаевтың немере інісін тергеу аяқталды
Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі
15.01.2024 10:44
1174
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісінің ісі сотқа жолданғанын мәлім етті.
Еске салайық, қыркүйекте ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің үстінен "Қаңтар оқиғасы" кезінде билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын.
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілмегенін айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Азан шақырып, ат қойды». Алтынай Жорабаева жаңалығымен бөлісті
Келесі жаңалық
Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді