Жаңалықтар

Нашақорлар мектеп оқушыларын тасымалдап келген - Бас прокуратура

Нашақорлар мектеп оқушыларын тасымалдап келген - Бас прокуратура
05.07.2022 07:40 839

Бас прокуратура білім беру мекемелерінің балаларды тасымалдау қызметтерін ұсыну сапасы мен қауіпсіздігін талдау аясында көптеген бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды EL.KZ прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен, қажетті жүргізу санаты және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруы жоқ жүргізушілердің балаларды тасымалдау фактілері тіркелді. Жекелеген өңірлерде оқушыларды тасымалдауға бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған және балалармен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдар жіберілген. Кейбір автобустар рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден, ал жүргізушілер – медициналық куәландырудан өтпеген - делінген хабарламада.

Жалпы, автобус паркінің жай-күйі, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы (өрт сөндіргіштердің, қауіпсіздік белдіктерінің, жарқылдауық маяктардың, «Балаларды тасымалдау» тақтайшаларының болмауы және т.б.) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп танылды.

Ағымдағы жылғы 28 сәуірде Бас прокуратура Білім және ғылым министрлігінің атына прокурорлық қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін 93 адам (оның ішінде мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, әкімдіктер қызметкерлері) тәртіптік жауапқа тартылды. Автопаркты жаңарту және балаларды тасымалдау үшін өңірлер мектептерін автобустармен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Әкімдіктер 515 жаңа автобусты, олардың бір бөлігін алдағы оқу жылына қарай сатып алуды жоспарлап отыр - дейді мамандар.

Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігімен бірлесіп тасымалдаудың (мектеп көлігімен) қауіпсіз жағдайларына оқушылар құқықтарының сақталуы белгісіне тексерулер жүргізуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға