Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпір өртенді

Көпір тірегіндегі 40 шаршы метр электр кабелі жанған.
Нұр-Сұлтанда көпір өртенді
14.07.2022 21:52 2582

Елордада Сарайшық көшесіндегі "Арқар" көпірі өртенді, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Көпір тірегіндегі 40 шаршы метр электр кабелі жанған.

Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және электр желісі компаниясының қызметкерлері сағат 16.27-де оқиға орнына шықты.

– Өрт сағат 17.54-те ауыздықталып, сағат 18.05-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ТЖД.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға