Жаңалықтар

Мысырлық ұшақ апатты түрде Ақтөбеге қонды

Мысырлық ұшақ апатты түрде Ақтөбеге қонды
Фото: El.kz 06.07.2023 21:14 928

Мысырлық ұшақ бортында өрт тұтану қаупіне байланысты Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтық авиация комитеті бүгін таңғы 4 сағат 32 минутта Египеттің Red Sea әуе компаниясының Боинг 737 ұшағы Шарм-Эль-Шейх-Астана бағытында ұшып бара жатып, Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болғандығын хабарлады.

Экипаж мүшелері ұшақ бортында өрт тұтануы мүмкін деген қауіппен Ақтөбе әуежайына қону қажет деген шешім қабылдаған. Ұшақтың 184 жолаушысы мен 10 экипаж мүшесін Ақтөбе әуежайында апаттан құтқару командасы мен медицина мамандары күтіп алды. Экипаж мүшелері бортта өрт болмағанын айтты. Жолаушылар денсаулық жағдайына шағымданған жоқ, - дейді Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға