Жаңалықтар

«Мына өмірден шаршадым»: әріптестері Арман Дүйсеновтің соңғы сөздерін еске алды

«Мына өмірден шаршадым»: әріптестері Арман Дүйсеновтің соңғы сөздерін еске алды
Фото: instagram.com/arman_duisenov_official 08.11.2023 11:11 23492

«Төрлетіңіз» бағдарламасының кезекші шығарылымы еліміздің танымал композиторы Арман Дүйсеновке арналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарламаға жиналған композитордың әріптестері оның соңғы күндерін еске алып, көз жастарына ерік берді.

Азаматқа хабарласып, Арманның соңғы айтқан сөздері жайлы сұрадым. Сонда ол «Маған енді көп көңіл бөлмей-ақ қойыңдар, мен кетемін. Мына өмірден шаршадым», - деп айтыпты, - деп еске алды әнші Мұқасан Шахзадаев.

@laila_sultankyzy

Бұл эфир эмоцияға толы болды. Жолдан келген кезіміз еді. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» демекші, бірден Арман Дүйсеновтың басына барып, Арекеңмен құран бағыштадық🤲🏼

♬ оригинальный звук - Laila Sultankyzy

Достарының айтуынша, композитор бақилыққа аттандардан алдын жақындарына хабарлама жіберіп, өзінше қоштаспақ болған.

Түнгі 2:30-да маған хабарлама жіберіпті. Кейде ресми сөйлеп, «Асқар Кейкіұлы» дейтіні бар еді. «Асқар Кейкіұлы, бұл Арман досың ғой. Маған хабарласшы» деп жазыпты. Сол күні ертерек жатып қалып едім, таңда бір-ақ көрдік. Хабарлассам, телефон өшірулі. Түстен кейін жұмыстан келіп хабарлама жібердім. «Арман, не болды? Саған не болып жүр, біреу ренжітті ме? Әлде мен ренжіттім бе? Неге соңғы кездері байланыспай кеттік?» деп жаздым. Жауап жоқ. Ертеңіне қаралы хабар жетті. Сенген жоқпын, - деді ақын Асқар Дүйсенбі.

Арман Дүйсеновтің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар 2023 жылғы 23 қаңтарда пайда болды. Композитор небәрі 48 жаста болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға