Жаңалықтар

Мұнайшылар Жаңаөзенде зардап шеккендерге бір күндік табысын аудармақ

Мұнайшылар Жаңаөзенде зардап шеккендерге бір күндік табысын аудармақ
Фото: El.kz 18.04.2023 14:41 937

"Өзенмұнайгаз" АҚ мұнайшылары жарылыстан зардап шеккен отбасыларға бір күндік еңбекақысын аударады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Өздеріңізге мәлім Жаңаөзенде тұрғын үйлердің бірінде төтенше жағдай орын алған болатын. Аталған оқиғада 13 адам зардап шегіп, төрт адам қаза тапты. "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның еңбек ұжымы бақилық болған азаматтардың қайғысына ортақтасып, отбасы, ағайын-туыстарына көңіл айтады. Компания өз кезегінде апат болған орында үйіндіні аршу, тазалауға қажетті техникамен қамтамасыз етті және қажеттілікке байланысты көмек көрсетуге дайын. Сондай-ақ, мұнайшылар ерікті түрде бір күндік еңбек ақысын зардап шеккен адамдарға көмек ретінде арнайы шотқа аударатынын мәлімдейді, - деп жазылған компания таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Жаңаөзендегі екінші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан 4 адам көз жұмды. «ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға