Жаңалықтар

Министр суға батқан адамды құтқарған астаналық оқушыны марапаттады

Министр суға батқан адамды құтқарған астаналық оқушыны марапаттады
Фото: Назарбаев зияткерлік мектептері 11.07.2023 22:51 831

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Петропавлдағы NIS оқушысы Аслан Гималетдиновті Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

15 жасар Аслан батылдық танытып, батып бара жатқан жасөспірімді ажалдан арашалап қалды.

Еліміздегі азаматтық қорғау ұйымдары әрқашан Аслан секілді қайсар жандарды күтеді. Оның ерлігі сөзсіз құрметке лайық. Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай батырларды назардан тыс қалдырмайды. Ал орын алған оқиға жылдың кез келген мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін дәлелдеп отыр, – деп атап өтті Сырым Шәріпханов.

Министр суға батқан адамды құтқарған астаналық оқушыны марапаттады

Сондай-ақ NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин оқушыға «Қамқор жүрек» марапатын табыстады.

Асланның ерлігі NIS құндылықтарын айқын көрсетеді. Білім мен тәрбиені ұштастырған «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында да шәкірттеріміз көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып жатады. Зияткерлік мектептер адамзат пен қоршаған ортаға қамқор бола алатын оқушыларды тәрбиелеуге әркез күш салады, – деді Әнуар Жанғозин.

NIS және ТМЖ өкілдері Асланның ата-анасы Рустам мен Сандуғаш Гималетдиновтерге ержүрек азамат тәрбиелегені үшін ерекше алғыс білдіріп, жас құтқарушыға естелік сыйлықтар табыс етті.

Министр суға батқан адамды құтқарған астаналық оқушыны марапаттады

Қалада велосипедпен серуендеп жүргенде көмекке шақырған балалардың даусын естіп, біреудің батып жатқанын түсіндім. Ойланбастан жүгіріп барып, суға сүңгіп, баланы жағаға алып шықтым, – дейді Аслан.

Аслан Гималетдинов – мектептегі белсенді балалардың бірі, өз ісіне жауапты, замандастырының арасында сыйлы. Ол тек білімімен ғана емес, музыка және спорттағы жетістіктерімен көзге түсіп үлгерді. Домбырада шебер ойнайды, волейболмен айналысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға