Министр: Мәскеуде зардап шеккендер арасында қазақстандық студенттер жоқ
23.03.2024 09:21
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Мәскеу іргесіндегі Красногорск қаласындағы «Крокус Сити холл» кешенінде болған лаңкестік оқиғадан зардап шеккендер арасында қазақстандық студенттер жоқ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің жазбасына сүйенсек, Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде.
Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты,-делінген жазбада.
Еске алсақ, 22 наурызда Мәскеу облысындағы Crocus City Hall концерт залында қаруланған белгісіз топ атыс ұйымдастырып, теракт болды.
Оқи отырыңыз:
- Президент Қазақстан тарапы Мәскеудегі лаңкестік оқиғаны қатаң айыптайтынын мәлімдеді
- Мәскеудегі лаңкестік оқиғасынан кейін Қазақстан елшілігінде жедел желі ашылды
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

