Жаңалықтар

Миллиондарды мойындатқан Майя мойымайды

Біздің чемпиондар
17.06.2016 11:22 7333

Кеше халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлеттердің – Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындары жеңімпаздарының допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижесін өз сайтында жариялаған еді.

Миллиондарды мойындатқан Майя мойымайды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшылардың қанында тыйым салынған допингтердің табылғанын хабарлады. Ережелерге сәйкес, допингке қарсы ережелерді бұзған спортшыларды Федерация уақытша спорттан шеттетеді. Федерация жақын арада Бейжіңдегі Олимпиада жүлдегерлерінің сынамаларына қайта жүргізілген сараптама нәтижесін хабарлайды. Егер спортшылардың допингке қарсы ережелерді бұзбағаны анықталса, тиісті шешім қабылданады.

Миллиондарды мойындатқан Майя мойымайды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындары жеңімпаздарының допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижесі қазақстандық спортшылар 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарының чемпиондары, ауыр атлеттер Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедованың қанында төмендегі заттар табылғанын жариялады:

Светлана Подобедова (KAZ) – Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)

Майя Манеза (KAZ) – Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)

Илья Ильин (KAZ) – Дегидрохлорметилтестостерон, Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)

Зульфия Чиншанло (KAZ) – Оксандролон, Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)

Бұқаралық ақпарат құраладары таяу уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясының тыңдауы өтетінін, оның барысында Олимпиада марапаттарының тағдыры шешілетінін сонымен қатар атлеттерді Рио-де-Жанейро Олимпиадасына бару-бармауы мәселесі шешілетінін жазуда.

 Миллиондарды мойындатқан Майя мойымайды

Жанкүйерлерінің жүрегін өзінің әдемі жымиысымен жаулап алған бұл аруды қазақстандықтардың бәрі біледі. 2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салған осы Майя қыз еді.

Тез жатталатын ерекше есімнің иесі – Майя Манеза 1985 жылдың 1 қарашасында Қырғыз КСР Тоқмақ қаласында дүниеге келген. Майяның ұлты – дүнген. Әкесі – кәсіпкер, ал, анасы – үй шаруашылығындағы әйел.

Майяға жанкүйерлердің махаббаты Лондонда өткен ХХХ Олимпиада ойындарында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпионы атанғаннан кейін келді. Бұл жай ғана ұпай айырмашылығымен жеткен жеңіс емес, рекордтық көрсеткіш орнатқан жеңіс болды. Майя жұлқа көтеруде 110 келіні, серпе көтеруде 135 келіні бағындырып, 245 келі көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартты. Атлет мұнымен тоқталып қалмай, кезінде өзі орнатқан әлем рекордын жаңарту үшін 144 келі салмаққа тапсырыс берген-ді. Алайда, оған сәл күші жетпей қалды.

Миллиондарды мойындатқан Майя мойымайды

Манеза ҚР ауыр атлетикадан ұлттық құрама командасында 2007 жылдың тамыз айынан бері жаттығады. Бұған дейін ол ұзақ жылдар бойы Қытай астанасы Бейжіңде тұрған. Спортшы арудың 2008 жылы Пекинде өткен  Олимпиада ойындарына қатысуына абайсызда алып қалған жарақаты кедергі болып еді. Кім біледі, бәлкім сол бір жарақат болмаған Майя ару екі дүркін Олимпиада чемпионы болар ма еді? Себебі, оған атлеттің ынтасы да, күші де жетеді.

Майяның жетістігі тек Лондонда алған алтыны емес. Ол – ауыр атлетикадан 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 келіні бағындырған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009 жыл).  Ал, 2011 жылы күміс жүлдегер атанды. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдік рекорд жасады. XVI Азия ойындарының алтын жүлдегері (2010), ауыр атлетика бойынша ҚР кубогының иегері, ауыр атлетика бойынша Азия біріншілігінің қола жүлдегері (2009). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009). 2009 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Миллиондарды мойындатқан Майя мойымайды

Майя Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында білім алды. Дәл осы оқу ордасы спортшы қызын 2013 жылдың сәуірінде қазақтың салтымен дүркіретіп ұзатты. Майяның өмірлік серігі – 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы Вячеслав Ершов. Қазір екеуі Арсений есімді ұлдарын тәрбиелеп отыр.


Жансая ТӨЛЕГЕН

Суреттер ғаламтордан алынды

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға