Милад Карими Әлем чемпионатының финалында сегізінші орыннан көрінді

 kazsports.kz
Фото: kazsports.kz

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында спорттық гимнастикадан 51-ші Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып жатыр, деп хабарлайды El.kz kazsports.kz-қа сілтеме жасап. 

Қазақстандық Милад Карими еркін жаттығудың финалында 12.100 ұпай жинап, 8-сатыда қалып қойды.

Отандасымыз алғаш болып өнер көрсетті. Айта кетейік, Милад бұл бағдарламаның іріктеуінде 14.733 ұпаймен 3-орын алып, ақтық сынға жолдама алған. 

Джарнни Регини-Моран (14.533 ұпай) Ұлыбританияға жалпы осы спорттағы ӘЧ-ның алғашқы алтынын тарту етсе, екі жапониялық гимнаст қалған медальді өзара бөлісті. Токио Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы Дайки Хасимото күміс (14.500 ұпай), Дои Рёсукэ (14.266 ұпай) қола жүлдегер атанды. 

Оқи отырыңыз