Жаңалықтар

Месси ПСЖ-дан кететінін растады

Месси ПСЖ-дан кететінін растады
Фото: instagram.com/leomessi 03.06.2023 21:33 491

Месси ПСЖ-дан кететінін растап, француз клубымен қоштасты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мен ПСЖ сапында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұл командада әлемнің үздік ойыншыларымен ойнаудан үлкен рахат алдым. Клубқа керемет тәжірибе үшін алғыс айтқым келеді, - деп келтіреді Мессидің сөзін ESPN.

35 жастағы аргентиналықтың париждіктермен келісімшарты маусымның соңында аяқталады.

Месси ПСЖ сапында 2021 жылдың жазынан бастап өнер көрсетіп, осы уақыт аралығында 74 матчта 32 гол соғып, 35 нәтижелі пас берді.

Бұқаралық ақпарат құралдары Месси Сауд Арабиясының «Әл-Хиляль» клубына баруы мүмкін екенін жазуда. Дегенмен оның «Барселонаға» оралуы да әбден мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға