Жаңалықтар

Месси командаластарына алтын айфон сыйға тартады

35 смартфонға 210 мың доллар қаржы жұмсаған
Месси командаластарына алтын айфон сыйға тартады
Фото: iDesign Gold 03.03.2023 07:17 752

Футболшы Лионель Месси командаластарына арнап 35 алтын iPhone 14 телефонына тапсырыс берді, деп хабарлайды El.kz rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Смартфондар үшін ол жалпы құны 210 мың доллар төлеген.

Аргентина құрамасының капитаны Месси танымал брендтен 35 дана 24 карат алтыннан жасалған қаптамасы бар телефон алды. Осылайша, футболшы ел құрамасының 2022 жылы Қатарда өткен Әлем чемпионатына қатысқан мүшелеріне алғысын білдіргісі келген.  

Әр смартфонда футболшылардың аты, олардың нөмірі мен Аргентина Футбол қауымдастығының логотопиі жазылған. Жомарт капитан сыйлықты тек ойыншыларға ғана емес, команданың қызметкерлеріне де тарту етпек ниетте.  

Еске салайық, Қатардағы футболдан әлем біріншілігінде Аргентина құрамасы Францияны жеңген болатын. Месси үшін мәнсабындағы бесінші чемпионатта ол бірінші орынға қол жеткізді. Футболшы Қатардағы әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы деп танылғаны белгілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға