Жаңалықтар

Мерзімді қызметтің сарбаздарына «несиелік демалыс» беріледі

Құжатқа қос ведомство қол қойды
Мерзімді қызметтің сарбаздарына «несиелік демалыс» беріледі
Фото: 24.kz 15.12.2022 23:15 847

Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді қызметтің сарбаздарына «несиелік демалыс» беру туралы меморандумды бекітті, деп хабарлайды El.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Құжатқа қос ведомство басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Мәдина Әбілқасымова қол қойды.

Қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде өз несиелерін ұмытуға мүмкіндік береді. Несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру барлық банктермен және микроқаржы ұйымдарымен сарбаздардың барлық ақшалай қарыздарын тоқтата тұру көзделеді.

Меморандумды іске асыру үшін Қорғаныс министрлігінің Агенттікпен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылының арнайы алгоритмі әзірленді. Осыған сәйкес, шақыру науқаны кезінде болашақ Отан қорғаушылардың жиналған банктік қарыздары мен шағын несиелері туралы мәліметтер бірден Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберілетін болады.

Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алудың барлық нысандарын тоқтата тұру мәселелерін пысықтайды.

Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде кредитор сотқа беруді, берешекті өндіріп алу мақсатымен атқарушылық жазба жасау үшін нотариусқа жүгінуді, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын пәтерден шығаруды тоқтата тұрады. Сондай-ақ, сот актілеріне сәйкес кредитор берешекті өндіріп алудың барлық нысандарын тоқтатуға міндеттеледі, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

 Жалпы, меморандум қаржылық қызметтерді тұтынушылардың заңды мүдделерін уақтылы қорғауға бағытталған. Ол сондай-ақ әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткеру кезеңінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің қарыздары мен шағын несиелері бойынша міндеттемелерді орындай алмауына байланысты туындайтын әлеуметтік шиеленісті жоюға ықпал ететін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға