Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметте келісімшартпен жұмыс істейтін маман санаты пайда болуы мүмкін

Мемлекеттік қызметте келісімшартпен жұмыс істейтін маман санаты пайда болуы мүмкін
Фото: cdnimg.rg.ru 09.03.2023 10:41 1465

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Заңды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев таныстырды.

 «Аталған заң жобасының негізгі мақсаты елімізде мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша атқарылатын кешенді шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Заң жобасымен бір кодекске үш санға түзету енгізу көзделіп отыр. Заң жобасы мемлекеттік органдармен талқыланып, оны әзірлеу аясында практикалық аспектілер есепке алынды. Заң жобасын қарау барысында өздеріңіз ұсынған түзетулер ескерілді» деді Дархан Жазықбаев.

Сонымен қатар ол заң жобасына өзгертілетін ескертулер мен толықтыруларға қысқаша тоқталып кетті.

«Біріншіден мемлекет келісімшарт қызметшілер ұғымын заңнамаға енгізу көзделіп отыр. Мемлекет басшысы мемлекетті басқаруды тұжырымдамасында келісімшарттық қызметшілер ұғымын енгізуді тапсырған болатын. Олар мемлекеттік қызметші санатына жатпайды. Бұл салалық жобаларды іске асыру кезеңіне арнаулы білімі бар кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік беретін болады. Келісімшарт мерзімі бір жылдан аспайды. Келісімшартқа қатысты нақты ережелер мен тәртіптер тиісті үкімет қаулысында белгіленетін болады. Екіншіден ротациялық төлемді енгізу көзделіп отыр. Өздеріңізге мәлім мемлекеттік қызметшілердің ротациясы енгізілген. Оның мақсаты өңірлер арасында тәжірибе алмасу, қызметшілерінң тәжірибесін жан жақты жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Қолданыстағы заңға сәйкес өзге өңірлерге ротацияланатын қызметшіге  уақытша үй берілу тиіс. Алайда қызметтік пәтерлер жетіспегендіктен, ротацияланған қызметшілер өз қаражатына үй жалдауға мәжбүр. Бұл көптеген қызметшілердің ротациядан бас тартуына алып келуде. Ротациялық төлемді енгізу осы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған.  Ротациялық төлемді енгізу үшін республика бюджеттік комиссия 2023- 2025 жылдарға қажетті қаржы бөлу мәселесін мақұлдады», деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға