Жаңалықтар

Мемлекет меншігіндегі жерлер аукцион арқылы сатылымға шықты

Онлайн-аукцион арқылы қазірдің өзінде 2 жер учаскесі сатылып кеткен.
Мемлекет меншігіндегі жерлер аукцион арқылы сатылымға шықты
01.07.2022 06:28 2146
Қазақстанда электрондық сауда-саттық арқылы мемлекет меншігінен жер учаскелерін беру жобасы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz.

Онлайн-аукцион арқылы қазірдің өзінде 2 жер учаскесі сатылып кеткен.

Электрондық жер сатылымы жайлы ақпаратты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Ақпаратқа сүйенсек, онлайн-аукцион арқылы Қызылорда облысындағы 2 жер телімі сатылған. Бастапқыда бірі бір жарым миллионға шығарылып, 2,8 миллион теңгеге сатылса, екінші жер телімі 246 мың теңгеге сатылымға шығарылып, 396 мың теңгеге берілген.

Енді Ақтөбедегі 3 жер телімін 8 шілде күні аукционға шығару жоспарланған. Сондай-ақ алдағы уақытта Алматы облысындағы 2 жер учаскесін сату көзделіп отыр.

Жобаның мақсаты — клиенттер үшін де, мемлекеттік органдар мен ведомстволар үшін де бизнес-процестердің барлық спектрін автоматтандыру. Бұл ретте субъект өз өтінішінің орындалу барысын түпкілікті нәтижеге дейін бақылай алуы тиіс. Ал сауда-саттыққа Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады.

Онлайн-аукцион мемлекеттен жер сатып алу процесін ашық әрі түсінікті етуге, сондай-ақ осы саладағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді. Аталған тәжірибе бүкіл республика бойынша таратылатын болады.

Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы ақпаратты онлайн жұмыс істейтін Жария кадастрлық картадан алуға болады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға