Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыққан болатын.
Мемлекет басшысы Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
08.07.2022 00:06 1500

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz.

– Елена Рыбакинаны теннистен ең беделді Уимблдон турниріндегі керемет жеңісімен құттықтаймын. Ол финалға жетті!, - деп жазды Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыққан болатын. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесіп, жеңіске жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға