Жаңалықтар

Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионына сәттілік тіледі

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионына сәттілік тіледі
Фото: Ақорда 08.11.2022 15:31 1383

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды шахматшы, Румынияда өткен 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Зарина Нұрғалиевадан болашақтағы жоспарын сұрап, сәттілік тіледі, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Зарина Нұрғалиеваның жасы 13-те. Ол жақында Румыния елінде шахматтан әлем чемпионатында жеңімпаз болды. 2019 жылы Беларусь Республикасында өткен әлем чемпионатында 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған.

Ал, 2021 жылы FIDE ұйымдастырған жылдам шахматтан әлем кубогінде қола жүлдегері.

Сондай-ақ атыраулық жас шебер өзі жасаған бұйымын Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген  Президентке көрсетті. Ал домбыра үйірмесіне қатысушы балалар Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға