Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруымен құттықтады. Бұл жаһандық спорттық шара Қатардың дамыған әрі бейбітсүйгіш ел ретінде әлеуеті мол екенін паш етті.
Тараптар, ең алдымен, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын жоғары бағалады. Осы ретте Қатар Әмірінің жуырда Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңызды екені атап өтілді.
Әңгімелесу барысында екіжақты сауданы жандандыру және экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігі туралы айтылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қатар Қазақстандағы ең ірі он инвестордың қатарына кіретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Қатар Әмірін құттықтады
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары