Мемлекет басшысы Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысу үшін «Кулие» сарайына барды
03.06.2023 21:01
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысу үшін «Кулие» сарайына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент резиденциясында Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қарсы алды.
Бұған дейін Режеп Тайып Ердоғанның ант қабылдау рәсімі Түркияның Ұлы ұлттық жиналысында (парламент) өткенін хабарлағанбыз.
Алдымен ол өзінің мандатын елдің парламентінің уақытша төрағасы Девлет Бахчелиден алып, сосын ант қабылдады. Енді ол президенттік лауазымда 2028 жылға дейін болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

