Президент жас кәсіпкерлермен кездесу барысында креативті индустрияның қазіргі әлемде маңызды рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды El.kz
– Қазақстан креативті индустрия саласында алдыңғы қатарға шыққанына өте қуаныштымын. Бұл тұрғыда Қазақстан туралы оң пікірлер айтыла бастады. Осындағы азаматтар бұған зор еңбек сіңірді. Сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мегаполисте қандай стартап-жобалар жүзеге асырылып жатқаны және жасанды интеллектіні бизнесте пайдалану қаншалықты тиімді екені айтылды. Мемлекет басшысына Алматыда ғана емес, бүкіл елімізде креативті индустрияны дамытудың негізгі перспективалары таныстырылды.
Президент жас мамандардың осы саладағы жетістіктерін жоғары бағалады. Сондай-ақ бүгінде креативті секторды қолдау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы кездесуге қатысушылардың бастамаларына табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Алматыда креативті индустрия өкілдерінің қызметімен танысты
Оқи отырыңыз
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер