Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Алматы жолдарына қатысты әкімдікке тапсырма берді

Бұл туралы мемлекет басшысы Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтты
Мемлекет басшысы Алматы жолдарына қатысты әкімдікке тапсырма берді
Фото: almaty.tv 16.11.2022 11:06 779

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесуінда қала жолдарына қатысты әкімдікке тапсырма берді, деп хабарлайды  El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент ескірген және экологиялық жағынан залал көп келтіретін көлік түрлерінен бас тарту керек екенін атап өтті.

«2025 жылдан кейін Алматы көшелерінде дизель отынымен жүретін автобустар қалмауы керек, яғни оның орнына газбен жүретін және электр қозғалтқышы бар қоғамдық көліктер қатынайды. Транзиттік жүк тасымалының басым бөлігін Үлкен Алматы айналма жолына көшіру де қалаға оң әсерін тигізеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы 6 радиалды және 4 ішкі магистральді көшелерді салу керек екенін айтты.

«Үкімет әкімдікпен бірлесіп бұл жобаларды қаржыландыру мәселелерін пысықтауы керек. Сондай-ақ қалаға кіреберістегі негізгі жолдарды қайта жаңғыртуды жеделдету қажет», - деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға