Жаңалықтар

Мәжілістің қатары жаңа депутатпен толықты

Фуат Сатыбаевты Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады
Мәжілістің қатары жаңа депутатпен толықты
Фото: baq.kz 23.11.2022 10:52 1057

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Фуат Сатыбаев ант берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Фуат Сатыбаев.

Сонымен қатар жалпы отырыста палата депутаттары Фуат Сатыбаевты Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға