Жаңалықтар

Майқайыңдағы апат: Іздестіру жұмыстарына 147 адам жұмылдырылды

Майқайыңдағы апат: Іздестіру жұмыстарына 147 адам жұмылдырылды
Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі 21.01.2024 10:03 879

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Павлодар облыстық ТЖД мәліметінше, олар өмірге қауіп төндіретін жағдайларда жұмыс істеуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шағын көлемді экскаватормен шұңқырдан шамамен 850 текше метр көлемінде топырақты қайта экскавациялау жұмысы жүргізілген. Бұл екінші экскаватордың жұмыс істеу кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік берген.
20 қаңтарда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, 2 бульдозердің көмегімен тік және көлденең сақтану шарасын қолдана отырып, машинистпен екінші шағын экскаватор іске қосылды. Оның көмегімен үлкен көлемді тастар мен тау жыныстары автобустың болжамды орнынан алынады.

Оқи отырыңыз: 

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары шұңқыр түбіндегі екі экскаваторшы мен басқа да мамандардың жұмысын сақтандыруды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып
жанармай, тамақ, маркшейдерлер, сондай-ақ табылған заттарды көтеру жұмыстары жүргізілуде. Сканерлеу арқылы шұңқырдың шетінен тастардың қозғалысы мен құлауын бақылау тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ  экскаваторлардың бағытын үйлестіру үшін шұңқырдың түбін гесканизациялау жүргізілді делінген ведомство мәліметінде.

Жұмыс нөлден төмен температурада және топырақтың үнемі қозғалу және сырғуымен қиындай түсуде, құлау қаупі бар. Іздеу жұмыстарына барлығы 147 адам, 45 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 ұшқышсыз ұшу құрылғысы жұмылдырылған.

Еске салайық, 4 қаңтарда Павлодар облысындағы Майқайың кеніші шахтасының маңында жер опырылып, ішінде жүргізуші мен үш құтқарушы бар автобус құлаған болатын. 2 құтқарушының денесі табылып, 2 адам әлі де іздестіріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға