Жаңалықтар

Мәйіттерді жуады: Иранда хиджаб кимеген әйелдер қайта жазалана бастады

Мәйіттерді жуады: Иранда хиджаб кимеген әйелдер қайта жазалана бастады
Фото: © Reuters 28.07.2023 09:51 1337

Иран қалаларының көшелеріне «Бақылаушы патруль» оралды, олар әйелдердің киім киісін бақылайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хиджаб кимеген әйелдерге айыппұл салынып, тіпті абақтыға қамалуы мүмкін.  

Оқи отырыңыз:

Иран ІІМ өкілі Саид Монтазеролмахдидің сөзіне қарағанда, «Бақылаушы патруль» «ислам дресс-кодын сақтамайтындарды анықтап, оларға ескерту жасап және жазаға тартуды қайта жалғастырады». Ал жаза ретінде ішкі істер органдарының еденін, тіпті мәйітханаларда қайтыс болған адамдардың денелерін жуу да қолданылады, келіспеген жағдайда олар абақтыға жабылады.

Естеріңізде болса, Махсы Амини есімді жас келіншектің өлімінен соң жаппай ереуіл болып, бұл қызметтің жұмысы уақытша тоқтатылған. Ол былтыр қыркүйекте хиджабты дұрыс кимегені үшін ұсталып, соққыдан көз жұмған. Билік өкілдері оның өліміне жүрек талмасы себеп дегенді айтып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға