Майамиде Мессидің таныстырылымы өтті
17.07.2023 10:24
Фото:
Instagram/intermiamicf
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» футбол клубының жанкүйерлеріне ресми түрде таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
36 жастағы жұлдызды аргентиналықтың тұсаукесерінде «Интер Майами» стадионы лық толды. Салтанатты іс-шараға клуб басшысы Дэвид Бекхэм және команданың бас жаттықтырушысы Херардо Мартино қатысты.
Оқи отырыңыз:
Лионель Мессидің тұсаукесер рәсімі Майамидегі ауа райының қолайсыздығына байланысты бір жарым сағатқа кеш басталды.
Аргентина құрамасының капитаны «Интер Майамимен» келісімшартқа 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін отырды. Ал оның жалақысы, бонустарды қоса есептегенде, бір маусымда 60 миллион долларға дейін жетеді. Лео жаңа клубта 10-нөмірімен өнер көрсетеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

