Жаңалықтар

Маңғыстауда полицейлерге қызметтік көлік табысталды

JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады
Маңғыстауда полицейлерге қызметтік көлік табысталды
Фото: Polisia.kz 24.11.2022 01:26 1218

Маңғыстауда полиция қызметкерлеріне 16 қызметтік көліктің кілті табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол картасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментіне 16 қызметтік автокөлік берілді. 23 қараша күні Полиция департаментінің алаңында департамент бастығы Аян Дуйсембаев қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады.

Барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркеуіштермен және навигациялық жүйелермен жабдықталған. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады. 

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларына алты Нива автокөлігі және патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне 10 Chevrolet Cobalt көлігі берілді. Жаңа автокөліктер азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін сақтауға, қылмыстарды ашуға, құқық бұзушыларды ұстау және облыс орталығы мен аудандарда көшелерді патрульдеу мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға септігін тигізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға