Жаңалықтар

Малшы мәртебесі көтеріле ме? Серік Жұманғарин депутат сауалына жауап берді

Малшы мәртебесі көтеріле ме? Серік Жұманғарин депутат сауалына жауап берді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ / parlam.kz 19.07.2023 10:29 843

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың малшы мәртебесін заңмен реттеу туралы сауалына Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, маусым айында мәжілісмен малшылардың жағдайын жақсарту туралы бастама көтерген. Назаров қыстың аязы, жаздың ми қайнатар ыстығында да тынбай еңбек ететін малшылардың балалары сапалы білім алуы керектігін айтқан.

Малшының мәртебесін көтеру жөнінде бірнеше ұсынысым бар: малшының балаларын балабақшамен қамтамасыз ету. Мектеп жасындағы балаларына жақсы білім алуына жағдай жасап, арнайы интернаттар ашып оқыту қажет. Жоғары оқу орындарына түсуге арнайы гранттар бөлу және Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырған малшы балаларына арнайы жеңілдіктер жасалуы қажет, - деген болатын.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар депутат малшылардың жұмысының ауыртпалығын ескере отырып, олар үшін зейнетке шығу жасын төмендетуді және мемлекеттен белгілі бір пайызда жалақы төлеу керектігін айтқан. Себебі таңның атысы, күннің батысы тыным көрмейтін олардың еңбегі жұмыс беруші тарапынан да дұрыс бағаланбайтындығы сөз болды.

Ардақ Назаровтың тағы қандай ұсыныстар айтқанын мына сілтеме арқылы біле аласыз. 

Осыған орай премьер-министрдің орынбасары бұл мәселе өзекті екенін алға тартып, жан-жақты талдау жүргізілетінін айтып сендірді.

Депутаттық сауалда көтерілген мәселелердің өзектілігіне мен маңыздылығына байланысты аталған мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдар жан-жақты талдау мен пысықтау жүргізуде.

Осыған орай Үкімет тарапынан депутаттық сауалға жауаптың кейінірек ұсынылатынын назарларыңызға жеткіземіз, - делінген ресми жауапта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға