Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті
13.09.2025 21:07
Фото:
ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жерлесіміз 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Лю Чуанмен (Қытай) қолғап түйістірді.
Махмұд алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп тастады. Екінші және үшінші кезеңде де керемет бокс үлгісін көрсеткен отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Енді Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін сынға түседі.
Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Назым Қызайбай күндізгі сессияда шаршы алаңға шығып, финалға өтті. Сондай-ақ, кеше түнде Айбек Оралбай мен Аида Әбікеева да жартылай финалда жеңіске жетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

