Жаңалықтар

Мағжанның жырларын оқып, жеңімпаз атаныңыз!

Байқау
Мағжанның жырларын оқып, жеңімпаз атаныңыз!
06.01.2017 11:30 4061

Жақында композитор Бақытжан Қажымұқановтың продюсерлік орталығы әлеуметтік желілерде байқау жариялады. Байқау шарты бойынша, қатысушылар ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, оны видеоға түсіруі тиіс. Дайын болған видеоны продюсерлік орталықтың нөміріне жіберу қажет: 8 702 796 81 33.

Байқау қорытындысында, «Youtube» арнасында ең көп қаралған және ең көп лайк жинаған видеоның иесі жеңімпаз атанады. Бірінші орын иегері композитор Бақытжан Қажымұқанов бірге М. Жұмабаевқа арналған кеште өнер көрсетеді. Екінші, үшінші орынға ие болған қатысушылар да жүлдесіз қалмайды. Бақ сынап көріңіздер, қымбатты оқырмандар!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға